ЕҚЫҰ Қазақстанның қаржы секторына заңсыз жолмен алынған табыстардың жылыстатылуына қарсы әрекеттер қолдану жөніндегі сертификаттау бағдарламаны әзірлеуге көмектесуде
2015 жылдың 10 наурызында Қазақстан, Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен қаржы секторына бағытталған заңсыз жолмен алынған табыстардың жылыстатылуы (заңдастырылуына) және терроризмді қаржыландыруына қарсы әрекеттер қолдану жөніндегі сертификаттау бағдарламаланы әзірлеу (ҚЖТҚҚӘ) мәселелерін қарастыратын Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Құрылған топтың құрамына Қаржы министрлігінің Қаржы мониторинг комитеті, Ұлттық Банк, Қаржылық институттар қауымдастығы, екінші деңгейлі төрт банктің өкілдері мен ЕҚЫҰ қолдауымен Украинадан келген халықаралық сарапшы кіреді. Топ оқыту қажеттіліктерін бағалау және бағдарламаға лайықты әдістемелерін таңдау үшін ұйымдастырылған болатын.
Сертификаттау бағдарламасы Қазақстанның қаржы секторына халықаралық стандарттарға сай келуге, мемлекеттік талаптарға сай келуге көмектесуге және қаржы секторының заңсыз жолмен алынған табыстардың жылыстатылу және терроризмді қаржыландыру жағдайларының анықтауындағы және жолын кесуіндегі әлеуетін арттыруға бағытталған. Мұнымен қоса ол ҚЖТҚҚӘ мәселелері бойынша екінші деңгейлі жергілікті банктердің көрсеткіштерін жақсарту мәселесінде өз үлесін қоспақ. Заңсыз жолмен алынған табыстардың жылыстатылуына қарсы әрекет қолдану жөніндегі сертификатталған мамандар қауымдастығы АҚШ Астана қаласындағы елшілігінің қолдауымен бағдарламаның халықаралық құраушысын пысықтайтын болады.
Аталмыш шара Офистің заңсыз жолмен алынған табыстардың жылыстатылуына және терроризмнің қаржыландырылуына қарсы әрекет қолдану, тиімді басқару бағытындағы көп жылдық жұмысына негізделген.