ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қылмыстық сот төрелігі жөніндегі жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел өткізуде
АҚ БҰЛАҚ, Қазақстан, 12 наурыз 2015 жыл - Қазақстанның жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қолдануы және қылмыстық сот төрелігін жетілдірудің басты бағыттары бойынша дөңгелек үстел ЕҚЫҰ қолдауымен бүгін Алматының маңындағы Ақ бұлақта басталды.
Екі күндік іс-шараны Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының қолдауымен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот және Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, соның ішінде Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот пен Президент Әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және заңгерлер қауымдастығының өкілдері, сонымен бірге жергілікті және Армения, Германия және Латвиядан келген халықаралық құқықтық сарапшылар - барлығы 60 жуық қатысушы жиналды.
Дөңгелек үстел отырысы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін жүзеге асыруға байланысты ең маңызды құқықтық жаңартуларды талқылауға бағытталды.
Қатысушылар ағымдағы қылмыстық іс жүргізу реформасындағы кейбір негізгі жаңалықтарды қарастырып, оның ішінде сотқа дейінгі қылмыстық рәсімдерді оңайлату, мемлекеттік айыптаудың рөлі және заңнамалық ережелерді қолдануға қатысты құқық қорғау органдары тарапынан қабылданатын іс-шаралар, әділ сот жүргізудің тетіктерін және сот сараптамасы саласындағы ережелерді күшейту туралы сөз қозғады. Қылмыстық сот төрелігі жүйесін реформалау жағдайындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық кепілдіктеріне және кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Тергеу, айыптау және қорғаушы жақ мүдделері арасындағы теңгерімді табу және халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибеге сәйкес Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін тиімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы, елші Наталия Зарудна. Сондай-ақ, ол қылмыстық сот төрелігі жүйесінің ашықтығы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, судьялар мен адвокаттардың кәсіби құзыреттілігі ел азаматтарының мемлекеттік мекемелерге қатысты сенімін арттыруда, қоғамда қақтығыс шамасын төмендету және қылмыстардың алдын алу үшін негізгі элементтері болып табылатынын деп атап өтті.
Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы: «2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының міндеттеріне сәйкес жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін, сондай-ақ қылмыстық саясатты жаңартудағы кейбір тәсілдерді қабылдау және әзірлеу барысында ұлттық құқықтық ғылым мен үздік халықаралық тәжірибенің жетістіктері қолданылды. Қазақстанның қылмыстық сот төрелігі жүйесін тұрақты жаңғырту заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жағымды септігін тигізеді», - деп айтты.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев: «Ағымдағы қылмыстық сот төрелігі жүйесінің реформасы соттардың, құқық қорғау органдары және қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар басқа да тараптардың жұмысын реттейтін барлық нормативтік-құқықтық базаны жаңартудан өткізді. Жаңа кодекстер қылмысқа қарсы күресті жылдам және тиімді түрде жүргізу үшін әзірленген. Жаңа қылмыстық іс жүргізу институттарын енгізу қылмыстық процестегі жарыспалылық қағидаты мен ашықтыққа әсерін тигізеді», - деді.
Іс-шара қылмыстық заңнаманы реформалауда қабылдаушы елдің күш-жігерін қолдаудағы, әрі азаматтық қоғаммен сындарлы және барлық мәселелерді қамтитын диалог жүргізудегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.