ЕҚЫҰ Қазақстанда қылмыстық істерде процессуалдық келісім нормалары бойынша адвокаттар үшін семинар ұйымдастыруда
28 ақпан 2015 жылы Алматыда 50 жуық қорғаушы адвокаттар жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес процессуалдық келісім нормалары бойынша ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі мен Алматы адвокаттар алқасы бірлесіп ұйымдастырған семинарға қатысты.
Іс-шараның мақсаты процессуалдық келісім және кінәні мойындау туралы мәміле тәртібін, соның ішінде этикалық жағы мен процессуалдық кепілдіктерді оқып білу арқылы адвокаттардың қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша түсінігін арттыруға ықпал етуге бағытталып, сондай-ақ олардың сотқа дейін және сот кезінде процессуалдық келісімге келу бойынша білімдері мен дағдыларын тереңдету болды.
Қатысушылар процесуалдық келісімге келудің ұсыныстары мен құқықтық шарттарына, сондай-ақ кінәны мойындау туралы мәміле келудегі прокурордың рөліне және келісімге жеткендегі тараптардың артықшылықтарына қатысты мәселелерді талқылады.
Ұлттық құқықтық сарапшылар адвокаттардың сот ісіндегі функциялары мен өкілеттіктеріне қатысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы соңғы өзгерістерге шолу жасады.
Аталған іс-шара жаңа қылмыстық сот төрелігі жүйесі шеңберінде құқық қорғау органдары және заң қауымдастығының тиімді әрекет жасау үшін олардың әлеуетін нығайтуға бағытталған Офистің ұзақ мерзімді қызметі аясында өткізілді.