ЕҚЫҰ Қазақстандағы пенитенциарлық заңнаманы талқылау бойынша сарапшылар кездесуін қолдайды
АСТАНА, 26 ақпан 2015 жыл - Кейбір заңнамалық актілерді Қазақстанның жаңа Қылмыстық-атқару кодексінің ережелеріне сәйкестендіру мәселелері бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның қолдауымен өткен сарапшылар кездесуінің тақырыптары арасында болды. Іс-шара Халықаралық абақты реформасы ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі қолдауымен Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитеті мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырылды.
Парламент депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер, Әділет, Қорғаныс, Білім, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің өкілдері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 2014 жылы қабылданған Қылмыстық-атқару кодексіне ілеспелі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылады .
Абақтыдан кейінгі бақылау және сотталғандардың әлеуметтік оңалтылуы, әкімшілік қадағалау, сондай-ақ қамау орындарындағы тұрмыстық жағдайлар, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу және отбасылық қолдау рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Молдовадан келген сарапшы пробацияның тиімді әдістері бойынша өз елінің тәжірибесімен, атап айтқанда, бас бостандығынан айыруға балама ретінде ересектерге арналған қоғамдық жұмыстар туралы ой бөлісті.
«Қазіргі уақытта сотталғандарға әр түрлі әлеуметтік қызметтерді көрсету және олардың қоғамға қайта оралуы мәселелері қылмыстық-атқару жүйесінің үшін негізгі алаңдаушылық туғызатын сұрақ болып қала береді» - деді Елші Наталья Зарудная, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы. «Бүгінгі сарапшылар кездесуі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу пакетін әзірлеуге қолдау көрсетіп, сотталғандар мен босатылған адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті бағдарламалар офисінің басшысы.
Светлана Бычкова, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің хатшысы «Қазақстан қылмыстық сот төрелігі және пенитенциарлық жүйенің өршіл реформаларын өз алдына міндеттеді. Осыған байланысты, сотталғандарды жұмыспен қамту және қайта әлеуметтендіру мәселелері ірі міндеттер қатарына жатады. Ұсынылған заң жобасы, атап айтқанда, осы мәселелерді шешуге және жалпы пенитенциарлық жүйесінің әлеуметтік құрамдасын жақсартуға бағытталған.
Іс-шара Қазақстанда қылмыстық сот төрелігі және пенитенциарлық реформаларды қолдау жөнінде Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.