ЕҚЫҰ Қазақстанда дау-жанжалдарды шешу мен соттағы істі қараудың дағдылары бойынша прокурорларды дайындауда
Бас прокуратураның 30 қызметкеріне арналған соттағы істі қараудың негізгі дағдылары және келіспеушіліктерді реттеу және шешу бойынша екікүндік оқытушы семинар 26 ақпан 2015 жылы Астана қаласында өз жұмысын бастады.
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Бас прокуратураның Біліктілікті арттыру институты ынтымақтастықта бірлесіп ұйымдастырған іс-шара соттағы істі қарау кезіндегі прокуратура қызметкерлері тап болатын мәселелерді шешуге бағытталған. Семинар барысында прокуратура қызметкерлері қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды шешу, шұғыл және сындарлы шешімдер қабылдау, сондай-ақ 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі процессуалдық келісімнің ережелері тұрғысынан барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізу бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын нығайтады.
Ұлыбританиядан келген сарапшы құқық қорғау органдары үшін өзекті мәселелерге ерекше назар аудара отырып, қылмыстық сот төрелігінің жаңа рәсімдеріне сәйкес, нормативтік-құқықтық құжаттар, халық алдында сөз сөйлеу мен дайындауда өзіндік және алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісетін болады.
Оқытушы семинар Бағдарламалар офисінің Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесін реформалауға байланысты құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайтудағы ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.