Қазақстан Шекара қызметінің офицерлері үшін ЕҚЫҰ ұйымдастырған тренинг-семинардың тақырыбы – контрабанда детекторларын пайдалану
Қазақстанға кіретін автомобильдерді тексеру үшін тығыздықты өлшегіштерді және камера-микроскоптарды пайдалану бойынша үш күндік тренинг-семинар 2014 жылдың 8 желтоқсанында Қырғызстанмен шекарадан алыс емес Қордайда басталды.
Іс-шараны Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп автомобильдердің жасырын қуыстарын анықтауға және тінтуге мүмкіндік беретін контрабанда детекторларын пайдаланумен танысатын Шекара қызметінің 20 офицері үшін ұйымдастырған болатын. Америка Құрама Штаттардан келген сарапшы заңсыз тауарлардың шекара арқылы болуы мүмкін контрабандалық айлаларын анықтау үшін аспаптарды пайдалану бойынша білімімен және тәжірибесімен бөлісетін болады.
Тренинг-семинар ЕҚЫҰ-ның өңірдегі трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұжырымдамасының бір бөлігі болып табылады және шекара қызметі офицерлерін шекаралық өткізу бекеттерінде автомобильдерді тінту білімі мен техникасының тиімді рәсімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шара сондай-ақ ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының шекараларды интеграциялық басқаруды қолдау бойынша күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.