ЕҚЫҰ Қазақстанда сайлауларды ұзақ мерзімді бақылаушыларға арналған семинарды қолдайды
АСТАНА, 21 қараша 2014 жыл – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы және Орталық сайлау комиссиясы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) қолдауымен ұйымдасырған сайлауларды ұзақ мерзімді бақылаушыларға арналған семинар өтті.
Семинардың жұмысына жұмыс тәжірибесі бар немесе Қазақстанда және шетелде байқаушылар ретінде тәжірибе алуды жоспарлаған мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан жиналған 50-ге жуық адам қатысты. Семинар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауларды бақылаудың шешуші құралдарына байланысты, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сүйене отырып сайлауларды ұзақ мерзімді бақылауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыруға бағытталған.
Іс-шара барысында Орталық қатысушыларға Орталықтың көмегімен аударылған және бападан шыққан сайлауларды бақылау бойынша ДИАҚБ-ның қазақ нұсқасын таныстырды.
«Біз 2006 жылдан бері жүргізіп келе жатқан осындай семинарлардың мақсаты отандық және халықаралық байқаушыларды оқытып-үйрету, тәжірибе және ақпарат алмасу, қадағалауды жүзеге асыру кезінде сайлау процесінің ана не мына қырларының проблемалық мәселелерін талқылау болып табылады. Биыл өткізіліп жатқан семинардың тақырыптары халықтың сайлаулар мен олардың қорытындыларына сенім деңгейін арттыруға ықпалын тигізуі мүмкін ұзақ мерзімді байқауға арналған», - деді Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау Комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос. «Ұзақ мерзімді байқаудың ерекшелігі, ол өзінде сайлау рәсімдерін байқауды ғана емес, барлық дайындау және өткізу процесін де қамтиды», - депі қосты Фоос мырза.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлау жөніндегі кеңесшісі Радивое Груичь былай деді: «Халықаралық, сондай-ақ ұлттық байқаушылардың да сайлауларға қатысуы сайлау процесінің ашықтығы мен есептілігін және оған қоғамдық сенімді арттыра алады. ЕҚЫҰ ДИАҚБ Қазақстан билігіне олардың сайлау процесін одан әрі жетілдіру бойынша күш-жігеріне, олардың ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын».
Осы іс-шараға қатысу халықаралық байқаушыларды сайлау бойынша оқып-үйрету жөніндегі ЕҚЫҰ-ның ұлттық семинарларға қосқан бір үлесі болып табылады. Осыған ұқсас семинарлар Қазақстанның байқаушылары үшін 2006 жылдан бері өткізіліп жүр.