ЕҚЫҰ Орталығы БАҚ саласындағы жаңа заңнама мәселелері жөнінде журналистерге арналған оқыту семинарларын аяқтайды
АҚТӨБЕ, Қазақстан, 14 қараша 2014 ж. - Бүгін Ақтөбеде ЕҚЫҰ қолдауымен ел өңірлерінен келген БАҚ журналистері мен заңгерлердің жаңа Қылмыстық Кодекстің және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің олардың кәсіби қызметі мен қауіпсіздігіне әсері туралы хабардарлығын жоғарылату мәселелері жөнінде оқыту семинары басталды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы мен «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығы қоры Алматыда, Астана мен Ақтөбеде ұйымдастырған осы тақырыптама жөніндегі үш семинардан тұратын серияны аяқтайды.
Шамамен 90 журналист, БАҚ заңгерлері мен құқық саласындағы сарапшылар қабылданған қылмыстық және әкімшілік заңнаманың БАҚ құқықтарына тікелей қатысты ережелерін талдады. Қазақстанның және Ресей Федерациясының жетекші сарапшылары қатысушыларды жалаға және адастыратын ақпарат таратуға жататын істерді жүргізудің халықаралық және ұлттық тәжірибесімен, әлеуметтік, діни және ұлттық мәселелерді жариялаудың проблемалық аспектілерімен, сондай-ақ намысты, бедел мен іскерлік абыройды құқықтық қорғаумен таныстырды.
Семинардың міндеттерінің бірі – қатысушыларды болуы мүмкін айыптаудан қорғау әдістері туралы біліммен қамтамасыз ету. Алматыда іс-шара өткізу барысында БАҚ бостандығы өкілінің ЕҚЫҰ офисінің аға кеңесшісі БАҚ бостандығы мен журналистер қауіпсіздігі халықаралық стандарттары туралы айтып берді.
«Сөз бостандығы – бұл негізгі құқық, бірақ бұны абсолютты деп есептеуге және зорлықты, жаланы, зорлықшыл экстремизм мен жек көруді негіздеу үшін пайдалануға болмайды. «Журналистер қоғам мүдделеріне қызмет ететін алдын ала пішілмеген, теңгерілген және толық ақпаратты қамтамасыз етуі тиіс»,- деп атап өтті ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудна. «Басқа жағынан, мемлекеттің бостандықты кез келген шектеулері заңды себептермен негізделуі тиіс және қоғамдық пікірмен қолданылуы әрі сотта өзінің соңғы шешімін алуы тиіс».
«Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Тамара Калеева былай деді: «Қазақстанда журналистер БАҚ туралы заңдардың құқықтық ережелерін жеткіліксіз білмеуіне байланысты қиын жағдайларға жиі тап болады. Көмескі құқықтық дефинициялар нені айтуға, нені айтпауға болатынның шектерін белгілеуді қиындатады. Бұл оқытушы іс-шара мұндай білім мен машықтарды жетілдіруге, журналистердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ олардың күнделікті жұмысында кездесетін аса даулы құқықтық ережелерді түзетуге бағытталған».
Семинарлар Орталықтың ақпаратқа қол жеткізуді және баспасөз бостандығын ынталандыруға бағытталған жұмыс аясында өткізілді.