ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы әкімшілік шараларды қолдану жөніндегі кеңестің өткізілуіне септігін тигізуде
27 қараша 2014 жылы ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы әкімшілік шараларды қолдану мәселесіне арналған Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысын өткізуді қолдады.
Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға 80 астам қатысушы, соның ішінде прокуратура қызметкерлері, Жоғарғы сот, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері жиналды.
Қатысушылар жаңа Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің ережелеріне сәйкес әкімшілік айыппұлдарды ерікті төлеу жүйесі мен мәжбүрлі өтеуді жетілдіруге қажетті қадамдарды қолдану мәселесін талқылады. Әкімшілік жазаға уақытылы тартуға қатысты құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі шараларға, сонымен қатар әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын борышкерлерді тиісті жазалауға қатысты құқықтық, практикалық құралдар мен тетіктердің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Бас прокуратура тарапынан дайындалған әкімшілік айыппұлдарды қолдану жөніндегі Ұлттық жол картасы отырыста ұсынылды. Жол картасында белгіленген шаралар әкімшілік айыппұларды өндіріп алуды ұлғайтуға, айыппұлдарды төлету бойынша құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, интерактивті ақпараттық қызметтерге қол жеткізуді кеңейтуге, сонымен қатар жемқорлық деңгейін төмендетуге және мемлекеттік бюджет кірістерін арттыруға бағытталған.
Іс-шара Қазақстандағы қылмыстық және әкімшілік сот әділдігін реформалауға қолдау көрсету жөніндегі Орталықтың ұзақ мерзімді бағдарламаларының аясында өткізілді.