ЕҚЫҰ сот төрешілеріне арналған Қазақстандағы экологиялық әділ сотқа қол жеткізу мәселелері бойынша семинардың өткізілуіне ықпалдасуда
ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілетін сот төрешілеріне арналған қоршаған орта мәселелері бойынша әділ сотқа қол жеткізу тақырыбындағы екі күндік оқыту семинары 2014 жылдың 26 қарашасында Қарағанды қаласында, Қазақстанда басталды.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен, Қазақстанның Жоғарғы Сотымен және Қарағанды облыстық сотымен ұйымдастырылған семинарға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан келген, экологиялық мәселелер бойынша сот істерін қарау барысында төрелік ететін 50 жуық сот төрешісі және үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты болып Орхус конвенциясының ережелерін орындауда күш жұмылдыруға және барлық мүдделі тараптардың арасындағы іскерлесуді нығайтуға қолдау көрсету табылады. Оқытуды халықаралық сарапшы және Еуропалық Экофорум мүшесі мен азаматтық қоғам ұйымдарының табиғат қорғаушы заңгерлер жүзеге асырады. Қатысушылар экологиялық мәселелерді қарастыру барысындағы ұлттық заңнаманың Орхус конвенциясының үш тірегіне және озық халықаралық тәжірибеге сәйкестігімен танысады. Оқыту барысында сот төрешілеріне іс жүзінде орын алған оқиғаларға негізделген бірқатар тәжірибелік жаттығуды орындау тапсырылады.
Семинар Орталықтың қабылдаушы елге Орхус конвенциясы бойынша ұлттық институционалдық және құқықтық кемшіліктерін жоюға бағытталған ұзақ уақытты қызметінің бір бөлігі болып табылады.