ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар бойынша семинарды қолдауда
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың халықаралық стандарттары мен оларды мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асыруға байланысты оқыту семинары 19 қараша 2014 жылы ЕҚЫҰ қолдауымен Ақтөбеде басталды.
Аймақтық билік органдарының, бизнес қауымдастығының, кәсіподақтардың және үкіметтік емес ұйымдардың 40 жуық өкілдеріне арналған екікүндік семинарды ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы, Ақтөбе облысының әкімдігі және «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Ұлттық сарпашылар қатысушыларды Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың халықаралық пактісі ережелерімен және Халықаралық еңбек ұйымының міндетті заң құжаттарымен таныстырды. Семинар барысында еңбек ету құқығы, денсаулықты қорғау және жеткілікті тұрғын үйге байланысты құқықтарды дәріптеуге және оларды жүзеге асырудағы туындайтын проблемаларға қатысты сұрақтар қарастырылды. Оған қоса қатысушылар әлеуметтік-экономикалық саладағы шиеленістерді алдын алу және оларды шешу тетіктері бойынша жергілікті билік органдары, азаматтық қоғам, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы диалогты нығайту жолдарын және кәсіподақтардың мұндағы рөлін талқылады. Іс-шара әлеуметтік қамсыздандыру, тиісті өтемақы мен лайықты тұрмыстық жағдайына қатысты азаматтардың құқықтары туралы және кәсіби дайындық пен білім алудың мүмкіндіктері туралы хабардар болуды арттыруға бағытталды.
Іс-шара Орталықтың адам құқықтарын ынталандыру, тиісті басқару және демократияландыруға байланысты қабылдаушы мемлекетке қолдау көрсетудегі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.