ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан соттарындағы жемқорлықтың алдын алу және этика мәселелері жөніндегі оқу шараларына қолдау көрсетуде
АСТАНА, 17 қараша 2014 ж. – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу және этика мәселелеріне арналған оқу семинары мен дөңгелек үстел өз жұмысын бастады.
Шара барысында Латвияның Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жүргізу басқармасының, БҰҰ-ның есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасының және Венециялық комиссиясының сарапшылары, сондай-ақ «Транспаренси Қазақстан» мен «Сандж» зерттеу орталығының жергілікті сарапшылары 80 астам Жоғарғы Соттың судьялары мен мемлекеттің аймақтық судьяларына сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің инновациялық амалдарын табу және кәсіби этика, судьялардың тәртіп стандарттары мен халықаралық үздік тәжірибелерді таныстыратын болады.
Бұған қоса олар Қазақстандағы судьялардың іс-әрекеттеріне қоғамның көңілі толуына, істің ашық болуына баға беру бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерімен таныстырады. Сонымен қатар қатысушылар сот жүйесінің тәуелсіздігі мен мүдделер қақтығысын алдын алу мәселелерін талқылап, Қазақстанның қолданыстағы Сот этикасы кодексін қарастырып, Этика кодексінің жаңа жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындайтын болады.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес саяси ықтиярсыз және халықаралық деңгейде де, мемлекет ішіндегі деңгейде де тығыз қарым-қатынассыз нәтижелі бола алмайды. Сол үшін ЕҚЫҰ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзімсіздік атмосферасының қалыптасуына ерекше ден қойып, білім беру бағдарламалары мен кәсіби дайындық бағдарламаларының көмегімен, халықаралық тәжірибемен бөлісу, саяси және құқықтық құралдарды жақсарту, азаматтық қоғамды жұмылдыру және осы саладағы барлық қатысушы мемлекеттермен әрекеттестікті нығайту арқылы мемлекеттік қызметкерлер мен судьялардың кәсіби этикасын арттыруға ұмтылады», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудна.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Құрқбаев Әділ: «Бүгінгі күнде сот қызметінің этикалық мәселелерінің маңыздылығы зор. Этиканың тапшылығы кезінде әділдік жөнінде сөз қозғау қиын. Тек сот қызметінің этикалылығы мен кәсіптілігі нағыз сот төрелігін қамтамасыз ете алады», - деп атап өтті.
Екі күндік шара ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының ықпалдастығымен Жоғарғы Cоттың, БҰҰ-ның есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасының және Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шара Орталықтың адал мемлекеттік басқарудың орнатылуына, сыбайлас жемқорлықпен күресуге, сот жүйесінің тиімділігін арттыруға және заң үстемділігін нығайтуға бағытталған көпжылдық қызметінің бір тармағы болып табылады.