ЕҚЫҰ Орталығы адамдар реадмиссиясы туралы семинарды қолдайды
АСТАНА, 13 қараша 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік білімі мен дағдыларын жоғарылатуға бағытталған реадмиссия мәселелері жөнінде семинар басталды. Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы ІІМ және Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.
ІІМ көші-қон және реадмиссия мәселелері жөніндегі бөлімдерінің шамамен 20 өкілі адамдар реадмиссиясы туралы келісімдерді қайтару және имплементациялау рәсімдерін ұйымдастырудағы озат тәжірибе туралы білу үшін бір күндік семинарға қатысады
Реадмиссия туралы келісімдер қайтып келген адамдардың құқықтары мен бостандығына кепілдік аспабы болып табылу фактісін назарға ала отырып, қатысушылар сәйкестендіру мен құжаттау, сондай-ақ мигранттардың тегі шыққан еліне бара жатқан жолында оларды орналастыру үшін қажетті инфрақұрылымды дамытудың практикалық аспектілерін талқылайды. Ерікті қайту және мәжбүрлі қайтарумен салыстырғанда оның артықшылықтары туралы мәселеге, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктер үшін қайтып келетін мигранттардың тұрақты реинтеграциясына қатысты бар мүмкіндіктерге ерекше назар аударылатын болады.
Семинардың жаттықтырушысы ретінде, елдердің министрліктері үшін реадмиссия рәсімі туралы кеңес берген және оны іске асыруға көмектескен Молдованың сарапшысы сөз сөйлейді.
«Келіссөз және реадмиссия туралы келісімдерді имплементациялау халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан үшін біршама жаңа құбылыс болып табылады және ұйымдық-құқықтық аспектілерге қатысты әртүрлі мемлекеттік институттардың жалпы тәсілдері әлі істеп шығарылады», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудная. «Сондықтан бұл семинар заңсыз мигранттарды қайтаруда тәжірибемен және озат практикамен алмасуға көмектесуге бағытталған».
ІІМ Көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Еркін Байбатчин: «Қазақстан үшін реадмиссия рәсімі біршама жаңа құқықтық институт болып табылады. Бұл семинар біз адамдар реадмиссиясы туралы бірқатар келісімге қол қойғандықтан аса мыңызды болып табылады, және біз алдағы келісімдерді ратификациялауды күтеміз».
Семинар заңсыз көші-қон мәселелерін шешуде және мигранттардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы қызметінің бөлігі болып табылады.