ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы Адами өлшем жөніндегі жұмыс тобының отырысын қолдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жанындағы Адами өлшем жөніндегі сабағаттық-кеңесші орган жұмыс тобының отырысы 2014 жылы 12 қарашада Астанада өтті.
Мемлекеттік органдар өкілдері, құқық қорғаушылар, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардан жиналған отызға жуық қатысушы іс-қимыл жоспарын, сонымен қатар 2013 жылы Сыртқы істер министрлігі бастамасымен құралған сабағаттық-кеңесші органның алдағы өткен отырыстарының нәтижесінде қабылданған әртүрлі ұсыныстарды жүзеге асыруға қатысты жол карталарының ағымдағы үйлестіру мәселесін талқылаудан өткізді.
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық міндеттемелер мен тиісті құқық қолдану тәжірибесіне қатысты, оның ішінде демократияны дамыту, құқық үстемділігі, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары және қоғамның заң шығару процесіне қатысу мәселелері бойынша нақты ұсыныстарды ілгерілетуге бағытталған диалог өз жалғасын тапты. Іс-шара барысында үкімет пен азматтық қоғам арасындағы диалогты одан әрі институционалдыру және адам құқықтарын қорғау саласында үйлесімді саясат жүргізу туралы бірқатар ұсыныстар да талқыға салынды.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы іс-шараны Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен бірлесіп ұйымдастырды және ол қабылдаушы елге адам құқықтарын, негізгі бостандықтарды мен заң үстемділігін нығайтуға қатысты жәрдем жасаудағы Орталықтың ұзақ мерзімді күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.