ЕҚЫҰ Орталығы Орхус конвенциясының ережелерін енгізу мәселелеріне арналған жиынының өткізілуіне ықпалдасуда
Астана, Қазақстан, 12 қараша 2014 ж.– Бүгін ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының қолдауымен өткізіліп отырған, Тастандылар мен ластаушы заттарды тасушылар тізілімінің (ТЛЗТТ) Хаттамасы мәселесіне арналған Қоғамдық кеңес жиынына Парламенттің, Жоғарғы Соттың, Үкіметтің, табиғи ресурстарды барлаумен айналысатын кәсіпорындардың және жұртшылықтың 100 астам өкілі қатысты.
Жиын Қазақстанның «Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу, бұқараның шешімдердің қабылдануына қатысуы және сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы» (Орхус конвенциясы) Конвенциясы бойынша өз міндеттемелерін орындау тәсілдері мен жетілдірілу құралдарын талқылау мақсатында Энергетика министрлігінің, Ұлттық Орхус орталығының бірігуімен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығымен ұйымдастырылып отыр. Чехияның
Қатысушылар ТЛЗТТ Қазақстанда құрылу мәселесіне ден қойып, қоршаған орта мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізетін заң жобасы жайлы пікір алмасты. Олар заң жобасының халықтың экологиялық ахуал, қоршаған орта проблемаларының ықтимал шешімдері және саланың бәсекеге қабілеттілігін жақсарту және қоғамның хабардар етілуін арттыру құралдары жайлы ақпарат беретін құрал ретінде пайдаланылу мүмкіндігі туралы өз көзқарастарымен бөлісті. «Арника» үкіметтік емес ұйымының халықаралық сарапшылары қатысушыларға ТЛЗТТ енгізудегі озық тәжірибемен таныстырды.
«ТЛЗТТ мемлекеттің қалдықтарды, ластаушыларды, химикаттарды басқару, қауіпті химиялық және ластаушы заттардың түзілуінің уақытты шеңберін қадағалау, сонымен қатар тастандыларды азайтудағы жетістіктерді зерттеу және анағұрлым зиянды тастандылар мен қалдықтарды азайту және жою басымдықтарын анықтау мәселелерін реттеуде тиімді құралға айналуы әбден мүмкін. Мұндай тізілім қоғам мен жекелеген азаматтардың таза қоршаған ортада тұру құқықтарының сақталатындығына кепіл беретін өзіндік кепілдік бола алатыны, сондай-ақ экологияның жақсаруына септігін тигізетіні маңызды»,- деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная. – «Сондықтан біздің Орталық Қазақстанның Орхус Конвенциясы бойынша өз міндеттемелерін толықтай орындауы үшін нормативтерді жетілдіру ниетіне қолдау көрсетуге әзір».
«Тастандылар мен ластаушы заттарды тасушылар тізілімі бұқараның экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін жетілдірудегі және Қазақстанның Орхус конвенциясы бойынша өз міндеттемелерін орындаудағы негізгі құралы болып табылады. Сондықтан Энергетика министрлігі ТЛЗТТ Хаттамасын жүрізудің тиісті талаптарын орнататын Экологиялық кодекске қосымшаларды еңгізуді ескеретін «Қоршаған орта мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге түзетулер» енгізетін заң жобасын әзіреді»,- деп атап өтті Энергетика министрінің орынбасары Талғат Ақсамбиев.
Орхус конвенциясы БҰҰ-ның халықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізуіне, бұқараның шешімдердің қабылдануына қатысуы мен сот әдiлдiгiне қол жеткiзуіне мүмкіншілік беретін негізгі құжат. ТЛЗТТ Орхус конвенциясы Тараптарының 2003 жылы Киевте өткен кезектен тыс жиналысында қабылданған болатын. Қазақстан БҰҰ ЕЭК Орхус конвенциясын 2000 ратификациялаған, алайда Хаттаманы әлі күнге дейін ратификацияламады.
Бұл шара Орталықтың Орхус конвенциясының халықаралық стандарттарының Қазақстанда таратылуына арналған ұзақ уақытты қызметінің аясында өткізіліп отыр.