ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда жарылғыш заттарды іздеу үшін иттерді пайдалану жөніндегі тренингті аяқтады
Алматы, Қазақстан, 31 қазан 2014 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы Кедендік бақылау комитетінің Кинологиялық орталығымен, сондай-ақ Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған іздестіру иттерін пайдалану бойынша үш апталық біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Іс-шараның мақсаты қауіпсіздікпен байланысты операцияларда иттерді тиімді пайдалануда өз білімін тереңдету және өз біліктілігін арттыруға құқық қорғау органдарына көмек көрсету болып табылады.
Рәсім жабылу уақытында «Терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен күресте көптеген елдер «жеті қазынаның бірі болатын» иттердің көмегіне жиі жүгініп жүр. Құқық қорғау органдарының қызметінде иттер кәнігі қылмыстық әрекеттерді түбірімен жоюда өзінің пайдалылығын дәлелдеді», - деп атап өтті Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы, Елші Наталья Зарудная.
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің өңірлік кинологиялық орталығының басшысы Ырыспек Смаков: «2001 жылы орталық ашылған күннен бастап біз 700 кинологиялық команданы оқыттық. Халықыралық ынтымақтастық Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ олардың иттері үшін ең жақсы оқыту әдістері бар даму жолының бірі болып табылады деп есептейміз», - деп қосты.
Бұл оқу курсы елдегі және өңірлердегі қылмысты топтар арасында кеңінен қолданылатын жарылғыш заттар мен жарылғыш материалдарды табуға бағытталған.
Кедендік бақылау комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің әскери полициясының өкілі болып табылатын, бүкіл елдің кинологиялық бөлімдерінің он үш офицері Австрия Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы басшысының жетекшілігімен жарылғыш заттар мен жарылғыш материалдарды табу үшін иттерді пайдалану саласындағы халықаралық тәжірибемен танысты.
Курс Орталықтың трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресте Қазақстанның қабілетін арттыру бойынша көп жылғы қызметінің бөлігі болып табылады.