ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы пробация жөніндегі заңнаманы зерттеу мақсатында Нидерландыға танысу сапарын ұйымдастырды
2014 жылдың 23 мен 28 қазан аралығында ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетімен бірлесе отыра Халықаралық абақты реформасы ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Нидерландыға танысу сапарын ұйымдастырды.
Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару комитетінің жоғары лауазымды тұлғалары Нидерландыдағы пробация қызметінің қолдану тәжірибесін зерттеді.
Олар Әділет министрлігінің қауіпсіздік және сот төрелігі жөніндегі инспектораты, Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарды атқару жөніндегі бөлімі, Еуропалық абақты және түзету мекемелері ұйымы және Пробация жөніндегі еуропалық конфедерация өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында олар пробация қызметінің құрылымы мен басқарылуы туралы, жергілікті билік органдары мен әлеуметтік және заңдық көмек көрсететін ұйымдармен қарым-қатынас арқылы пробациялық бақылауды жақсартуға қатысты шаралар туралы жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Нидерланды арасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаудан өткізді.
Пробация қызметінің қылмыс жасауды алдын алуда мен қылмыстың қайталануын төмендетудегі рөлі мен әдістеріне, оның ішінде бас бостандығынан айырылудың баламасы ретінде қоғамдық жұмыстарға тарту, электрондық бақылау жүйесі, сонымен қатар құқық бұзушылардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау мағынасындағы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Делегация мүшелері Нидерланды парламенті сенатының мүшелерімен кездесіп, Зволле қаласындағы сотқа дейінгі тұтқынға алу орнына мен түрмеге барып қайтты. Мұнда олар аймақтық пенитенциарлы-психиатриялық орталықтың құрамындағы заңды бұзушыларға арналған еңбек учаскесінің жұмысымен танысты.
Аталған сапар қылмыстық сот төрелігін реформалау барысында Қазақстан үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдарына Орталықтың көмек көрсетуіндегі күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.