ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Қазақстандағы жас көшбасшыларға арналған іс-шараны қолдайды
АЛМАТЫ, Казақстан, 25 қазан 2014 ж. – Жастардың мүмкіншліктерін қолдау және олардың қоғамның саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласуын жоғарылату мәселелері бүгін Алматыда басталған жыл сайынғы ZhasCamp іс-шарасының назарында болады.
Екі күнге созылатын іс-шараны Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі мен ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы бірлесіп, Сорос-Қазақстан және Фридрих Эберт атындағы қорлардың қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шара елдің әр аймағынан келген 350-ге жуық қатысушыны, соның ішінде жергілікті билік, ғылыми қауымдастық, бизнес және азаматтық қоғамның өкілдерін, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен жас кәсіби мамандардың ұйымдары өкілдерін біріктірді.
ZhasCamp көшбасшылықты дамыту, жастардың кәсіпкерлік пен бизнеске араласуы, өнер мен заманауи бұқаралық технологиялар, сонымен қатар адам құқықтарын қолдаудағы жастардың бастамалары сияқты әртүрлі тақырыптарды талқылауға арналған алаң болып табылады..
Интерактивті семинарлар барысында шараға қатысушылар мәдениетаралық қатынастар, жастардың жұмыспен қамтылуы мен әл-ауқаты, азаматтық белсенділік пен жастардың демократиялық үдерістерге жігерлі қатысуға қатысты сан алуан сұрақтарды талқылаудан өткізеді.
Халықаралық және жергілікті сарапшылар, оның ішінде Қырғызстан, Германия, Ресей және Украина мемлекеттерінен келген нәтижелі әлеуметтік және іскер жобалардың авторлары жастар тап болатын проблемаларды шешудегі және олардың тұрақты дамуы саласында ойлары мен тәжірибелерімен бөліседі.
«ЕҚЫҰ басқа халықаралық ұйымдармен қатар мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен қалыптастырудың барлық қырлары мен деңгейінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты шешім қабылдауға жастарды қатыстыру мәселесін белсенді түрде қолдайды», - деді елші Наталия Зарудна, ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы. Ол: «ЕҚЫҰ халықтар мен тұтас аймақтың болашағы үшін барлық қатысушы мемлекеттердің жас белсенділерінің арасында жақын ынтымақтастықты орнатуда қадам жасап отыр»,- деп атап өтті.
Ирина Медникова, «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының директоры: «ZhasCamp жылда күтетін, елдің барлық аймағынан келген әр түрлі тәжірибедегі жастарды біріктіретін шаралардың бірі болып табылады. Іс-шараға қатысушылар бір-бірінің жобаларымен танысуға, жаңа идеяларды тұжырымдауға, өзінің проблемалары туралы айтуға және ойларының естілуіне мүмкіндік алады», - деді.
Іс-шара 2014 жылы Швейцарияның ЕҚЫҰ-да төрағалығының басымдықтары шеңберінде қауіпсіздік мәселелерін шешуде жастарды қатыстыру бойынша Орталық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.