ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы полиция қызметкерлеріне адам құқықтары жөнінде оқыту ісіне қолдау көрсетуде
АСТАНА, 22 қазан 2014 ж. – Бүгін Астанада полиция академиясы оқытушыларының адам құқықтары жөнінде білімділігі және дағдыларын арттыруға бағытталған тренерлерге арналған тренинг пен мастер класс басталды.
Үш күндік шараны ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Ішкі істер министрлігімен және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюромен ынтымақтастықта бүкіл елдің аумағынан жиналған шамамен 30-ға жуық оқытушы полиция қызметкерлеріне арнап ұйымдастырды. Мастер класс Қазақстандағы полиция қызметінің демократиялық негіздеріне ықпалдастық етудегі Орталықтың ұзақ мерзімді ат салысуының жалғасы болып табылады. Күн тәртібі Қазақстандағы құқықтық жүйе мен қылмыстық сот әділдігі салаларын реформалаудағы соңғы өзгерістерді, сонымен қатар полиция академияларындағы оқыту бағдарламасының ажырымас бөлігі ретінде адам құқықтары жөніндегі курстағы өзгерістерді қамтиды.
«Адам құқықтарын құрметтеу тұрақтылық, қауіпсіздік және өркендеуді қамтамасыз етудегі құралдардың және қылмыскерліктің деңгейін төмендету мен билікке деген қоғамдық сенімді арттырудағы маңызды факторлардың бірі ғана болып қоймай, сонымен қатар трансұлттық қауіптер мен тәуекелдерге қарсы тұрудың ең тиімді қаруы болып табылады», - деді Елші Наталия Зарудна, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы. «Қазақстандағы құқық қорғау қызметіне байланысты заңнаманы жалғасып келе жатқан реформалау ісі бойынша, сонымен қатар қауіпсіздікке өсіп келе жатқан аймақтық қатерлерге байланысты бұл мәселе ерекше маңызға ие», - деп атап өтті.
«Бұл жоба 2010 жылы басталғандықтан, нақты және елеулі нәтижелер көрсетті. Қазақстанның бүкіл аймақтарынан жиналған оқытушылар осы тренингтің маңыздылығын, әсіресе өздерінің әріптестерімен көрісіп, тренерлер ретінде алдыңғы қатарлы қазақстандық құқық қорғаушылардың қолдауымен адам құқықтары жөніндегі курсты оқытудағы өздерінің идеяларымен, әдістерімен және құралдарымен алмасу мүмкіндігін ескере отырып, бағалауда», - деді Дәулен Ахметов, Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы.
Үш күндік оқыту семинары кезінде Бюро мамандары алдыңғы қатарлы және халықаралық тәжірибені бөлісуде интерактивті элементтерді пайдалана отырып, курсты өткізеді. Қатысушылар адам құқықтарын қорғаудағы заңдық және практикалық қырлары бойынша полиция қызметкерлерін оқыту мен даярлау мақсатында дайындалған оқу құралын алады.
Полиция қызметінің демократиялық негіздері бойынша осы жоба шеңберіндегі тренерлерге арналған тренингтер мен мастер класстар 2010, 2011 және 2012 жылдары болып өтті.