ЕҚЫҰ Орталығы жарылғыш заттарды анықтауда иттерді қолдану бойынша тренинг өткізуде
Құқық қорғау органдарына көмек көрсету мақсатында кауіпсіздікке байланысты іс-шараларда иттерді тиімді қолдануда өздерінің білімділігін тереңдетіп, біліктілігін арттыруға бағытталған іздестіру иттерін қолдану бойынша біліктілікті арттыру үш апталық курсы 2014 жылғы 13 қазан күні Алматы қаласында басталды.
Шара ЕҚЫҰ Астанадағы орталығымен Кеден бақылау комитеті және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған.
Кеден бақылдау комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің әскери полициясынан бүкіл ел бойынша жиналған 10-нан астам офицерлерді АвстрияныңІшкі істер министрлігінің кинологиялық орталығының басшысы жарылғыш заттар мен қопарғыш материалдарды анықтауда иттерді пайдаланудың ең үздік халықаралық тәжірибесімен таныстырады.
Курс Қазақстанның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес қабілеттілігін арттырудағы Орталықтың ұзақ мерзімді қызметінің бір бағыты болып табылады.