ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанның Орхусс орталықтары Желісінің жыл сайынғы жиналысының өткізілуіне ықпалдасуда
Бурабай, ҚАЗАҚСТАН, 7 қазан 2014 жыл – Бүгін Бурабайда тамамдаған екі күндік жиналысқа аймақтық Орхусс орталықтарының, Энергетика министрлігінің, Жоғары Соттың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың 30 астам өкілі қатысты.
ЕҚЫҰ Орталығы мен Ұлттық Орхусс орталығы бірлесіп ұйымдастырған және Энергетика Министрлігі қолдаған шараның қатысушылары Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізу, бұқараның шешімдердің қабылдануына қатысуы және сот әділдігіне қол жеткізу Конвенциясының (Орхусс Конвенциясы) талаптарын орындауын жетілдіру жолдары мен құралдарын талқылады. Жиын жинақталған ұлттық және халықаралық тәжірибенің негізінде Орхусс орталықтары Желісінің бірлескен қызметіне арналған стратегиясы мен іс- әрекет жоспарының жобаларын қарастырды.
Қатысушылар өз өңірлеріндегі экологиялық қиындықтар жайлы пікір айтысып, тәжірибелерін бөлісті. Олар тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстанның Орхусс Конвенциясы бойынша міндеттемелерінің орындалуы жөніндегі кезекті ұлттық есебі дайындалу барысында қолдануға тиісті ұсынымдар тізімін дайындады.
Жетекші ұлттық сарапшылар оларды Кен Өндіруші Өнеркәсіп Салаларының Ашықтық Бастамасы потенциалымен, энергетикалық тиімділікті алға жылжыту жолдарымен, заң мен ақпараттың Орхусс мәселеллеріне тигізетін әсерімен және ЕҚЫҰ аймағындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатымен экологиялық қауіптерді шешу жөніндігі ЕҚЫҰ-ның 22-ші Экологиялық-Экономикалық форумының қорытындыларымен таныстырды.
«Біздің мекеме Орхусс Конвенциясын экологиялық демократияны жылжытудағы нәтижелі құрал ретінде таниды және оның ЕҚЫҰ өңірінде толықтай орындалуына көмектеседі», деп атап өтті ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная. «Сондықтан, біздің жұмысымыз ұлттық және аймақтық деңгейлердегі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамның барлық өкілдерінің экологиялық маңыздылығы жоғары сұрақтарды шешуге тең қатыстыруға бағытталған».
«Біздің соңғы жетістіктеріміздің бірі – Орхусс орталықтары Желісінің құрылуы. Олардың алдында бір қатар мақсат–міндеттер қойылған. Қазір олардың жұмыстарының алғашқы қорытындыларын зерттеп, әрекеттерін Орхусс конвенциясының тиімді орындалудағы ілгері прогрессін қамтамасыз ететіндей дәлдеп түзету қажет», деді Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша судьясы Владимир Борисов.
Қазақстан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Орхусс Конвенциясын 2000 жылы бекіткен және елдің әр аймақтарында жұмыс істеп, оның орындалуына жәрдемдесіп отырған 15 Орхусс орталығын қолдап отыр.
Орхусс Конвенциясы БҰҰ–ның қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізу, бұқараның шешімдердің қабылдануына қатысуы және сот әділдігіне қол жеткізу туралы түйінді құжаты. ЕҚЫҰ көмегімен құрылған Орхусс орталықтары мемлекет пен мемлекеттік емес ұйымдардың арасында байланыстырушы элемент ретінде экологиялық мәселелерді шешудегі қоғамдық ұйымдар арасында коалициялар мен серіктес байланыстар құру үшін тұғырнама болып, Орхусс Конвенциясының қағидаттарын ұлттық және аймақтық деңгейлерде алға бастырады.
Бұл шара Орталықтың Конвенцияның халықаралық стандарттарының енгізілуіне ықпал ету шараларының бір бөлшегі болып табылады.