ЕҚЫҰ Орталығы контрабандалық саудаға қарсы әрекет мәселелеріне арналған аймақтық семинар өткізуге ықпалдасуда
АСТАНА, 29 қыркүйек 2014 ж. – Бүгін Астана қаласында контрабандалық саудаға қарсы әрекет мәселелеріне арналған екі күндік аймақтық семинар өз жұмысын бастады.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігінің Кедендік бақылау комитетімен, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының, Астанадағы АҚШ елшілігінің, БҰҰ нашақорлық пен қылмыспен күрес басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты – кеден қызметінің мүмкіншіліктерін арттыру және олардың қаржы мониторингі органдарымен халықаралық озық тәжірибені қолданып, заңсыз саудамен және тауарлардың заңсыз әкелінуімен күресу жолындағы ынтымақтастығын нығайту.
Шара барысында Кедендік бақылау комитетінің орталық аппараты мен аймақтық бөлімдерінің және, олардың Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украинадан келген 50 астам әріптестері заңсыз саудамен күресті ұйымдастыру әдістерін тәжірибелі халықаралық нұсқаушылардың қатысуымен және басқаруымен талқылады. Ерекше назар қаржылық барлау, мекемеаралық ынтымақтастық, кедендік басқармалардың өзара әрекеттесуі, темекі, арақ-шарап өнімдерінің, жанар-жағармайдың және басқа да халық тұтынатын тауарлардың контрабандалы саудасы саласындағы қылмыстық істер бойынша тәжірибе алмасу мәселелеріне аударылды.
«ЕҚЫҰ экономикалық контрабандамен куресу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Себебі ол тек елдің экономикалық егемендігін түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар әр мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы. «Бұл ұлттық бюджеттің ысырабына байланысты мемлекеттің әр тіршілік әрекетінің саласына кері әсер етеді. Контрабанда, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс топтарының ең пайдалы әрекеті ретінде, ұлттық және халықаралық деңгейдегі тиімді қүрес үшін уйымдаскан күш салысуды қажет етеді», - деп қосты ол.
«Кез-келген мемлекеттің болашағы оның заңсыз саудаға қарсы күрестің деңгейіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан контрабанда айласындағы қылмыстытарды ашу деңгейін көтерудің және қылмыс жасағаны үшін жазаның міндетті түрде қолданылу қағидатының орындалуының мыңызы жоғары»,- деді Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігінің Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес бөлімінің басшысы Талғат Башев.
Семинар ЕҚЫҰ орталығының мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру және сауданың реттелу, сондай-ақ шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына ықпалдасудағы қызметі аясындағы пәнаралық іс-шара ретінде өтті. Сонымен қатар бұл шара Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы кіруімен байланысты мәселелерді шешу мақсатымен өткізілді.