ЕҚЫҰ жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау семинарларының топтамасын аяқтады
КӨКШЕТАУ, Қазақстан, 19 қыркүйек 2014 ж. – Бүгін Ақмола облысының Көкшетау қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен оқу семинарында жұртшылықтың шешімдердің қабылдану процессіне назар аударуына мүмкіндік жасайтын ауыл аймақтары мен шағын қалаларда белсенді, есеп беретін және тиімді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылу мәселелері қарастырылды.
Семинар жұмысына Ақмола және басқа да аудандардың 70 жуық әкімі (жергілікті билік басшылары) қатысты. Семинардың мақсаты - әкімдердің 2013 жылдан бері енгізіліп келе жатқан жаңа жергілікті өзін-өзі басқару стратегиясының талаптарына дайындалуларына көмектесу.
Семинар бағдарламасы стратегияның үш негізгі аспектін қамтиды: құқықтық негіздер мен механизмдер, қаржы-экономикалық негіздер мен саймандар, сондай-ақ жергілікті азаматтардың шешімдердің қабылдану процессі мен процестердің әзірленуіне қатысуларын белсендіру жолдары мен құралдары. Тыңдаушыларға Орталықтың қолдауымен ұлттық сарапшылар дайындаған ауылдар мен шағын қалалардың әкімдеріне арналған нұсқаулық таныстырылды.
«Біз лайықты басқару принциптеріне және шешімдердің демократиялық жолмен қабылдануына ықпалдасуға арналған жергілікті өзін-өзі басқару институтын қарастырамыз», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы,. «Жергілікті өзін-өзі басқару принциптерінің енгізілуі – кез келген мемлекеттің орнықты және демократиялық дамуының негізі мен кепілі».
«Әкімдер сайлауы өткізілгелі бері тура бір жыл өтті және уақыт көрсетіп отырғандай, бұл қоғамның демократияландырылуына жасалған қадам ғана емес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының есеп берушілігін арттыру арқылы түйткілді мәселелердің орында шешілуіне тура бағдар алу қадамы болды», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Аймақтық саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Санат Тұңғышбеков.
Семинар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Аймақтық саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің және Ақмола облысы әкімшілігінің серіктесуімен Орталықтың ұйымдастыруымен өтті. Бұл шара тамыз және қыркүйек айларында өткен бес семинардың қорытынды шарасы болды. Семинарлар жергілікті және орталық өкімет сұрауымен Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізілді.
Бұл семинарлар топтамасы Орталықтың Қазақстанда тиісті басқару мен демократияландыруға ықпалдасу жолындағы ұзақ мерзімді іс-әрекеттерінің бір бөлшегі болып табылады.