ЕҚЫҰ Орталығы Солтүстік Қазақстанда Орхусс конвенциясының мәселелері бойынша оқу семинарына қолдау көрсетті
2014 жылдың 27 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Орхусс конвенциясының ережелерін су ресурстарын кешенді басқару және елдің «жасыл экономикаға» көшу стратегиясы контекстінде қолданысқа енгізу мәселелеріне арналған екі күндік семинар өз жұмысын аяқтады.
Шара ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және Солтүстік Қазақстан Орхусс орталығының бірлесуімен ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған шараға 40 астам жергілікті билік органдарының өкілдері, зерттеушілер, академиктер, кәсіпкерлер, сарапшылар және қоғамдық ағартушылар қатысты.
Семинар қатысушылары аймақтағы экология мәселелерін талқылап, атқарылатын іс-қимылдар жоспарының әзірленуі жайлы сөз қозғады. Жиналған қауым қоршаған ортаның басты мәселелеріне, әсіресе су тапшылығы, ауыз су сапасы және аймақтық су орталығын құру қажеттілігіне баса мән берді. Шара барысында жергілікті университет пен зерттеу орталықтары әзірлеп дайындаған жобалар таныстырылды.
Семинар Орталықтың Орхусс конвенциясының «Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдердің қабылдануына көпшілік қауымның қатысуы, сот әділдігіне қол жеткізуі туралы» ережелерінің енгізілу жолындағы қызметі аясында өтті.