ЕҚЫҰ қолдаған Орталық-азиялық жастар желісі 10 жылдығын атап өтуде
АЛМАТЫ, Қазақстан, 26 тамыз 2014 ж. - Бүгін Алматыда өзінің 10 жылдығын атап өтетін Орталық-азиялық жастар желісінің үшкүндік жыл сайынғы семинары басталды.
Шараға 70 астам Орталық Азия елдерінің, Ауғанстан мен Монғолияның студенттері мен түлектері, Қазақстан, Қырғызстан, Швеция, АҚШ, Өзбекстанның Парламент мүшелері, саясатшылар, дипломаттар, ғалымдар, іскерлік топтарының өкілдері, сонымен қатар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысуда.
Қатысушылар жастардың саясат, бизнес, азаматтық қоғам, демократия мен адам құқықтары саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтудің әр түрлі аспектілерін талқылады. Осы жылдың шара тақырыбы «Жастар жəне ЕҚЫҰ: қатысу мəдениетінің қалыптасуы» 2014 жылы Швейцария төрағалығы белгіленген басымдықты қамтып көрсетеді. Талқылаудың бірі қазіргі кезеңде өнделіп жатқан ЕҚЫҰ жастар саясатындағы іс-әрекеттер жоспарына арналады.
Семинардың бірінші сессиясы соңғы он жыл ішіндегі Орталық Азиядағы оқиғаларды, проблемалардың жəне аймақ қауіпсіздігінің қатерлерін шешу жолдарын талдауға арналды. Таяу күндері студенттер мен түлектер біліктілікті арттыру, жеке даму, дағдарысты коммуникациялар, саяси белсенділігі, жанжал шешу семинарларына қатысады. Семинар қатысушылардың нақты проблемаларды шешу жолдарын табу және өз білімдерін мен дағдыларын ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету оқу модельдеумен аяқталды.
Бішкектегі ЕҚЫҰ Академиясының президенті, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның өкілі жəне Босния мен Герцеговинаның ЕҚЫҰ жастар елшісі топ талқылаулары мен жаттығударды жүргізеді.
«Орталық Азияда және осы аймақта болып жатқан барлық окиғалар әрбір ұлттың дамуына әсер етеді. Сондықтан тығыз ынтымақтастық және Орталық Азия мемлекеттерінің біріктіруі қауіпсіздігі үшін өте маңызды», - деді сенат депутаты Бірғаным Әйтімова. «Осы елдердің жастары қауіпсіздікті күшейту, заң үстемдігі, тиісті басқару және осы аймақтағы мемлекеттер мен жер шарының турбулентік бөлігінде өмір сүріп жатқан халықтардың арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолындағы өзгерістерді енгізетін алдынғы қатарлы күш болуы керек».
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная: «Орталық Азиядағы қауіпсіздік қатерлерін алдын алу туралы талқылаулар тек шенеуніктер мен үкіметтік емес ұйымдармен шектеліп қана қоймай, бүкіл қоғамды қамтуы керек. Демократиялык институттарды және аймақтық орта дамытудағы қоғамдық қызығушылық пен белсенділік өте маңызды рөл ойнайды. Универсет студенттері мен болашақ көшбасылар осы қоғамның маңызды бөлшегі болып табылады», - деді.
Биылғы семинар ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы Миссия қолдауымен ұйымдастырылды. Шара ЕҚЫҰ осындай қауіптерге әрекет ету рөлі мен қауіпсіздіктің заманауи қауіп-қатерлері туралы жастардың өзара түсіністігін күшейту аясында ЕҚЫҰ қызметінің бір бөлігі болып табылады.