ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалауға көмектесу жөнінде оқу циклін іске қосады
2014 жылы 1 тамызда Ақтөбе қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен бүкіл ел бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту жөнінде ауылдық елді мекендер мен қалалық типтегі кенттердің муниципалды билігіне арналған семинарлар циклінің біріншісі өтті.
Іс-шараны астаналық ЕҚЫҰ Орталығы Өңірлік даму министрлігімен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Ақтөбе облысының әкімдігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Биылғы жылы ұқсас семинарлар еліміздің бес өңірінде өткізіледі.
Өткізілген семинарда Ақтөбе облысының өңірлік муниципалды билігінің шамамен 80 өкілі жаңа қазақстандық жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту стратегиясының негізгі сұрақтары мен талаптарын зерттеді. Оқу курсы заң базасы мен құқықтық тетіктерді, қаржы және экономикалық жүйе мен аспаптарды, сондай-ақ азаматтардың саясатты қалыптастыруға қатысуын кеңейту құралдарын қамтиды. Әр қатысушы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен халықаралық және жергілікті сарапшылар жасаған нұсқау алды; нұсқау ауылдық елді мекендер мен қалалық типтегі кенттердің әкімдеріне арналған.
Жоба Орталықтың мемлекеттік басқару мен демократияландыруды дамытуға Қазақстанға көмектесу жөніндегі іс-шаралар құрамына енді.