ЕҚЫҰ Орталық Қазақстанда ұждан бостандығы мен дін тұту еркіндігін қамтамасыз ету жөніндегі талқылауларға қолдау көрсетеді
ҚАРАҒАНДЫ, 27 маусым 2014 ж. – Бүгін Қарағандыда, Орталық Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен дін қызметі мен діни бірлестіктер жөніндегі қолданыстағы ұлттық заңнаманың іс жүзінде іске асырылуы талқыланған дөңгелек үстел өтті.
Үкіметтік шенеуніктерді, облыстық құқық қорғау және атқарушы органдардың қызметкерлерін, дін танушыларды және дін мәселелері жөніндегі сарапшыларды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен діни қауым өкілдерін қоса алғанда, шамамен 70 адам іс-шараға қатысты. Іс-шара ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттікпен ынтымақтастықта, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары Өңірлік офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Қатысушылар діни қауымдардың және шағын діни топтардың құқықтық мәртебесін, құқық қорғау органдарының ұждан бостандығы мен дін тұту еркіндігін қорғаудағы рөлін, сондай-ақ мемлекеттің дін тұту еркіндігі саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауын талқылады. Діни топтарды алаңдататын, соның ішінде діни ұйым ретінде міндетті түрде тіркелу және әкімшілік шараларды қолдану заң ережелеріне ерекше назар аударылды. Бұл шаралар заңсыз миссионерлік қызмет үшін депортациялауды, діни әдебиетті үкімет тарапынан бағалау және бекітуді, сондай-ақ антитеррорлық шаралар тұрғысынан ұждан бостандығы мен дін тұту еркіндігін қамтиды.
«Діни бірлестіктер туралы заңды практикалық іске асыру бүкіл елдегі діни ұйымдардың күнделікті қызметін қозғайды және сайып келгенде билік органдары мен діндер, діндар адамдар мен түрлі діндер ізбасарлары арасындағы қарым-қатынасты айқындайды», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы. «Бүгінгі іс-шара олардың өзара тиімді ынтымақтастығын діни келісім мен қоғамдағы үндестік мақсатында жаңа деңгейге көтереді деп сенемін».
ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов: «Қазақстандағы қазіргі құқық қорғау органдарының практикасы, соның ішінде Дін қызметі мен діни бірлестіктер туралы заңды іске асыру мәселелері жөніндегі практика адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға негізделген. Бүгінгі шара мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы сындарлы ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдық өмірдегі рұханилық рөлін бағалауға және заңнама мен құқық қолдану практикасында бар ақтаңдақтарды талқылауға бағытталды»,- деді.
Дөңгелек үстел ұждан бостандығы мен дін тұту еркіндігі құқығын жылжыту саласында ЕҚЫҰ шеңберіндегі оның міндеттемелерін жүзеге асыруда қабылдаушы елді қолдау бойынша ЕҚЫҰ Орталығы іс-шараларының бір бөлігі болып табылады.