ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі прокурорларға арналған семинар өткізуге қолдау көрсетуде
Келіспеушіліктерді реттеу және шешу саласында прокурорлардың білімі мен дағдыларын көтеруге бағытталған екі күндік семинар Астанада 2014 жылы 21 және 22 шілдеде өтті.
Қазақстанның барлық өңірлерінен келген шамамен 30 прокурор қатысқан бұл семинарды ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлар біліктілігін арттыру институмен ынтымақтастықта бірлесіп ұйымдастырды.
Ресей Федерациясынан келген медиация сұрақтарының сарапшылары және Қазақстанның жергілікті медиаторлары қатысушыларды шиеленістер және шиеленістерді болдырмау әдістерін қолдану арқылы дауларды реттеудің практикалық тәсілдері туралы негізгі теориялармен таныстырды. Сондай-ақ, семинар шеңберінде қылмыстық қуғындауға балама ретінде ымыраласу мен медиация тақырыптары да қозғалды.
Семинар құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіптік білімі мен дағдыларын арттыруға бағытталған тренингтер өткізу арқылы Қазақстанда жүргізіліп отырған қылмыстық сот төрелігі реформасын қолдау жөніндегі Орталықтың ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.