ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуы мен әділетті сот нормаларына қолдау көрсетуде
АСТАНА, 17 маусым 2014 жыл – Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары мен механизмдерін қолдану тақырыбындағы судъяларға арналған екікүндік семинар-тренинг бүгін Астанада басталды.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен ұймдастырды.
Қалалық және аудандық соттардан келген 40 жуық судья ұлттық деңгейдегі заңды қолдану және сот іс-тәжірибесіне адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқықтың ықпалын талқылады. Талқылау барысында сот әділдігін атқару кезінде адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды тікелей қолдану және осыдан шығатын адам құқықтарын қорғауға негізделген тәсілді пайдалану мәселелері туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар сотта істің әділ қарастырылудың негізгі қағидаларына, БҰҰ келісімді органдарының мен адам құқықтары жөніндегі аймақтық соттардың тәжірибесіне және халықаралық органдардың шешімдерін орындау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Құқық саласының ұлттық сарапшылары азаптау мен қатыгездікке қарсы күрес саласындағы халықаралық құжаттардың нормаларын жүзеге асыруға қатысты өзінің тәжірибелерімен бөлісті. Азаптауды алдын алудың ұлттық тетігі жөніндегі таяуда қабылданған заңнаманың аясында жүзеге асырылған шараларға ерекше назар аударылды. ЕҚЫҰ Орталығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі Наташа Рашич кеңейтілген мағынада ЕҚЫҰ міндеметтелеріне шолу жасады.
Семинар сот жүйесінің тиімділігі мен заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету бойынша Орталықтың қабылдаушы елге жәрдем жасаудағы күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.