ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда сот кезіндегі мемлекеттік айыптауды қолдау дағдыларын арттыруға арналған семинарды өткізуде
АҚТӨБЕ, Қазақстан, 12 маусым 2014 жыл – Соттағы істі қараудың негізгі дағдылары және сотқа дейінгі сатыда қылмыстық істер бойынша дайындық жүргізу жөнінде прокуратура қызметкерлеріне арналған екікүндік оқытушы семинар бүгін Ақтөбе қаласында (Батыс Қазақстан) өз жұмысын бастады.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының Бас прокуратураның Біліктілікті арттыру институтымен, «Құқықтық саясатты зерттеу жөніндегі орталығы» талдау орталығымен және Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға ел аймақтарынан келген 80 жуық прокуратура қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар қылмыстық іс жүргізудің өзекті мәселелерін, соның ішінде сайыстыру принципін сақтаудың негізгі қағидаларын, дәлелдемелерді бағалау мен ұсынудың, сотталушыдан жауап алудың мәселелерін талқылаудан өткізіп, сонымен бірге прокурорларға соттағы қызметтерін нәтижелі әрі әділетті орындауға мүмкіндік беретін амал-тәсілдер туралы ой бөлісті. Семинар барысында Қазақстанның ұлттық заңнамасы және оның соттағы істерді әділетті қараудың халықаралық стандарттарымен үйлесімділігі туралы да сөз қозғалды.
Ресей Федерациясынан келген құқық саласының сарапшылары прокурорлардың сот өндірісіндегі рөліне қатысты, сонымен қатар алқа билердің қатысуымен және қатысуынсыз өтетін сот тыңдауларындағы мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруға қатысты озық тәжірибелермен бөлісті.
«Көптеген құқықтық жүйелерде прокурорлар сот әділдігін атқаруда маңызды рөл атқарады», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі Наташа Рашич. «Сол себепті міндеттерін атқару кезінде прокуратура қызметкерлері қажетті кәсіби қабілеттерінің жеткілікті деңгейде екендігіне сенімді болғандығымыз жөн», - деді ол. Сонымен қатар ол прокурорлар үшін кәсіби дайындықтың соттағы іс қараудың барысында тап болатын мәселерді шешудің көзі болып табылатындығы туралы атап өтті.
Бас прокуратураның Біліктілікті арттыру институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова семинар-тренингтің прокурорлар үшін соттағы істердің әділетті қаралудың халықаралық стандарттары бойынша білімдерін арттыруға және сотта қажетті негізгі амал-тәсілдерді меңгеруге жағдай туғызатындығын айтты.
Семинар-тренинг Қазақстанда жүргізіліп жатқан қылмыстық сот төрелігі реформасына байланысты Орталықтың ішкі істер органдарының әлеуетін арттыруға бағытталған жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.