ЕҚЫҰ орталығы Қазақстандағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының құрылыс жобасының ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ықпалдасуда
2014 жылдың 12 маусымында Қазақстанның Аршалы ауылында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің және онымен байланысты ұлттық жол желісінің қайта құру жұмыстарына жүргізілген шешуші бақылау нәтижелері таныстырылған қорытынды отырыс өтті. Отырыс ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының қолдауымен өтті.
Шешуші бақылау жұмысшылар мен жергілікті халықта туындаған экономикалық, экологиялық және қоғамдық мәселелерді, сондай-ақ жекеменшік компаниялардың мердігерлері атқаратын құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында пайда болған ашықтық және орнықты даму мәселелерін қамту мақсатында жүргізілді.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының қолдауымен өтіп отырған аталмыш шара «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі мен халықаралық магистралінің құрылысы барысында ұлттық және жергілікті деңгейдегі Ашықтық және тұрақты даму бойынша эксперттік кеңестерін (АТДЭК) құру жобасының қорытынды бөлігі болып табылады.
Кеңестердің атқарып отырған жұмысы салынып жатқан жолдың бойында тұратын халықтың мұқтаждықтары мен ұсыныстарын назарға ала отырып, іс-әрекеттердің ашық болуын, есептіліктердің берілуін және шешімдердің қабылдану барысына халықтың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталмыш кеңестер Үкімет, жекеменшік құрылыс компаниялары және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның негізінде құрылған.
Қорытынды отырыс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің аумақтық органдарының ықпалдасуымен шақырылды. Отырыстың жұмысына ұлттық және жергілікті сараптау кеңестерінің 30 астам мүшесі, үкіметтің лауазымды тұлғалары, жекеменшік компаниялар мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысты. Қатысушылар халықтан тасжолдың құрылысы мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерді, 2014 – 2016 жж. арналған Іс-қимылдар жоспары бойынша алдын ала қорытындыларды қарап, талқылады. Бұған қоса, іс-әрекеттердің ашықтығын арттыру, тұрақты даму және жұртшылықтың шешімдердің қабылдану барысына қатысуын арттыру бойынша айтылған басқа да жан-жақты бастамалар талданып-сараланды.
Аталған жоба бойынша осы уақытқа дейін елдің алты аймағындағы (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары) қалалар мен елді мекендерінде барлығы 20 отырыс өткізілді.