ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы омбудсмен жылдық есебінің жариялануына қолдау көрестуде
ЕҚЫҰ қолдауымен Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Уәкілдің (Омбудсмен) 2013 жылғы іс-әрекеті бойынша есебі 2014 жылы 3 маусымда Қосшы кентінде (Қазақстан) орналасқан Қаржы полициясы академиясындағы өткен дөңгелек үстел жұмысы барысында жарық көрді.
ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының көмегімен Қазақстандағы Омбудсмен бюросы ұйымдастырған іс-шараға 330 жуық қатысушы, соның ішінде парламент депутаттары, мемлекеттік билік өкілдері, ғалым-заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар адам құқықтары ахуалын қадағалауға қатысты мәліметтерді және жыл сайынғы есепке кірген мемлекеттік органдар үшін дайындалған ұсыныстарды талқылады. Қатысушылар соңғы жылдары омбудсменге түскен шағымдардың санының өсуін ерекше атап өтіп, адам құқықтарының бұзылуының жеке фактілерін және елдегі адам құқықтарын қорғау тетіктерінің жетілдіру жолдарына тоқталды.
Қазақстандық омбудсмен Асқар Шакиров: «2013 жылы Омбудсмен бюросының іс-әрекеті балалар мен мүгедектердің құқығын қорғауға, ішкі істер органдарының жұмысын, мемлекет тарапынан қызмет көрсетудің сапасын қадағалауға, сонымен қатар әлеуметтік, еңбек, жер және тұрғын үй құқықтарының сақталынуын қамтамасыз етуге бағытталды», - деді. Ол 2013 жылы Азаптауды алдын алудың ұлттық тетігі туралы заңнаманың кабылдануымен омбудсмен институты мәртебесінің өскендігін атап өтті.
«Жалпы адамзаттық құқықтарды ынталандыру ісі адам құқықтарын құрметтеуге негізделген ұлттық мәдениеттің өркендеуін қажет етеді. Омбудсменнің жыл сайынғы есебі бақылау, бағалау және жасалынып жатқан жұмысты терең түсіндіру арқылы құық қорғау тетіктерін дамытуда нәтижелі құрал болып табылады», - деп айтты ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная.
Іс-шара Орталықтың Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі институттардың әлеуетін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді жұмысының аясында өткізілді.