Парламент пен азаматтық қоғам арасында өзара байланысты жақсарту ЕҚЫҰ қолдауымен өткен семинар назарында
АСТАНА, 5 маусым 2014 ж. – Бүгін Астанада азаматтық қоғам мен заң шығарушы билік арасында өзара байланысты жақсарту бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен оқу семинары өтті.
Парламент, бейүкіметтік ұйымдар, саяси партиялар мен БАҚ-тың 25 өкілі қатысқан семинар «Қазақстанда парламентті дамыту қорымен» бірлесіп ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар мен Петропавлдың азаматтық қоғам мүшелерін Парламентке қалайша дұрыс түрде сауал дайындап, оны жолдауды үйрету және олардың парламенттік фракциялармен әрекеттестігін нығайту болып табылады.
Аталған шара бейүкіметтік ұйымдарды заңнаманы талдау, құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу мен сәйкес құжаттаманы, соның ішінде салыстырмалы кестелер мен түсініктемелерді дайындауға байланысты білім мен дағдылармен қамтамасыз етеді. Қатысушылар парламенттік жұмыс топтарының қызметімен және парламентарийлер мен парламенттік комитеттермен қалайша тиімді түрде байланысу жайлы үйренеді.
«Тиімді заңнама мен ашық заң шығарушылық үрдіс кез-келген елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының іргетасы болып табылады. Азаматтық қоғам ұйымдары сайланған лауазымды тұлғаларға қоғамдық көзқарасты жеткізуде маңызды рөл атқарады», - деді Орталық басшысы, елші Наталья Зарудная. «Біз осы семинар саяси жүйедегі партиялардың рөлін арттыруға, олардың азаматтық қоғаммен арақатынасын нығайтып, парламенттік жүйені жалпы алғанда тиімдірек етуге көмегін тигізеді деп үміттенеміз».
Зәуреш Батталова, «Қазақстанда парламентті дамыту қорының» басшысы: «Бұл семинар депутаттар, парламенттік фракциялардың аппараты мен азаматтық қоғам институттары арасында тиімді өзара қатынасты дамытып, Қазақстанда нағыз демократияның мақсаттарына жету жолында азаматтық қоғамның дамуына және құқық үстемділігін алға жылжытуда ерекше маңызға ие заң шығарушылық үрдіске қоғамдық қатысуды нығайтуға бағытталған», - деді.
Бұл семинар ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілетін Парламенттегі парламенттік фракциялардың қызметін жақсартуға бағытталған семинарлар тобының бір бөлшегі болып табылады.