Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы соттар ашықтығы қоғамның сенімін күшейту үшін аса маңызды деп мәлімдеді
АСТАНА, 19 мамыр 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қамқорлығымен орталық және өңірлік деңгейде жұртшылықпен байланыс саласында сот жүйесінің баспасөз қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған екі күндік семинар басталды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы, Жоғарғы сот және «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Соттардың баспасөз қызметтерінің шамамен 35 қызметкері және Қазақстанның солтүстік өңірлерінен журналистер сөз бостандығы мен ақпарат қол жетімдігі халықаралық стандарттарымен танысу мүмкіндігін алады. Сонымен қатар, семинарға соттардың баспасөз қызметтерінің 32 қызметкері бейне-байланыс арқылы қатысады. Семинарда жұршылықпен жұмыс стратегиясы, БАҚ-пен байланыс, сондай-ақ баспасөз қызметінің сот тақырыбына жазатын журналистермен әрекеттестік талқыланады. «Соттардың баспасөз қызметтерінің тиімді жұмысы, сондай-ақ олардың журналистермен өзара әрекеттестігі соттардың жақсы келісушілігіне және қоғамдағы сот жүйесінің имиджін жақсартуға кепіл бола отырып, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деп мәлімдеді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная.
Жоғарғы соттың судьялары, сондай-ақ халықаралық және жергілікті сарапшылар қатысушыларға баспасөз релиздерін және БАҚ үшін басқа хабарламаларды жасауда өз практикалық дағдыларын жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ оларды жұрт алдында сапалы сөз сөйлеуге үйретеді.
Қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов: «Фемида қызметшілерінің қызметінің тиімділігін жоғарылату, сондай-ақ оларға қоғамның сенімін күшейту – бұл біздің басым міндеттеріміз. Сот жүйесінің сапасы бірінші орында болу керек» - деді.
Екінші семинар тамызда, Алматы қаласында өтеді. Ол ақпаратқа қол жетімдікті және БАҚ бостандығын кеңейту саласында Орталықтың қызметін негізге алады.