Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдаған, Ғаламторды дамыту мәселелері жөніндегі бесінші Ортаазиялық форум басталады
АЛМАТЫ, Қазақстан, 29 сәуір 2013 ж. - Бүгін Алматыда Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы MediaNet халықаралық журналистика орталығымен және Конрад Аденауэр қорымен бірлесіп бесінші жыл қатарымен ұйымдастырған екі күндік Ғаламторды дамыту мәселелері жөніндегі Ортаазиялық форумы басталды.
Іс-шараға шамамен 100 қатысушы, оның ішінде медиа-сарапшылар және Грузиядан, Германиядан, Қырғызстаннан, Литвадан, Ресейден, Тәжікстаннан, Украина мен Өзбекстаннан келген журналистер, сондай-ақ Қазақстан үкіметінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық миссиялар өкілдері қатысады.
Қатысушылар виртуалды кеңістікте пікір білдіру еркіндігін, онлайн-контентті мемлекеттік реттеуді, әлеуметтік БАҚ дамыту және олардыі әлеуеті, Ғаламтордың бизнес-аспектілерін, жергілікті БАҚ қамтуды, азаматтық журналистиканы және ұлттіқ тілдегі веб-ресурстарды талқылайды. Сондай-ақ, олар негізгі ақпарат көзі ретінде Ғаламтордың даму сын-қатерлерін де сөз қылады және Ғаламтордағы еркін ақпарат ағынына әлеуетті қауіптер туралы пікір алмасады.
«Негізгі ақпарат құралы және коммуникациялық платформа ретінде Ғаламтордың рөлі артуымен өз арналары бойынша ақпаратты тарату қағидаларын көбейту және бақылауды жүзеге асыру әрекеттері жасалуда», - деді Наталья Зарудная, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы. «ЕҚЫҰ ақпаратты іздеу, алу және тарату құқығы адамның негізгі құқығы екеніне кәміл сенеді. Сонымен, ішіндегіні бұғаттауға, сүзуге немесе жоюға бағытталған кез келген механизмдерді заңда анық айқындалған ерекше жағдайларда ғана пайдалануға болады».
Игорь Братцев, MediaNet халықаралық журналистика орталығының директоры: «Бүгін Ғаламтордың дамуы теңдессіз сын-қатерлермен және терең түсінуді қажет ететін жаңа мүмкіндіктермен кездеседі. Біз Ортаазиялық Ғаламтор-форумының бес жылдығы ғаламдық желінің бүгінгі жағдайын бағалауға ғана көмектесіп қоймай, жаңа даму тенденциялары мен мүмкін шешімдерді ұсынатынына сенеміз», - деп қосты.
Талқылаулар нәтижесінде қатысушылар бірқатар ұсынымдарды дайындайды, оларды Орталық Азияның мемлекеттік мекемелерінің, басқа мүдделі тараптарының арасында және жалпы Ғаламтор бірлістігіне таратады.
Форум Қазақстанда және тұтас өңірде Пікір білдіру еркіндігіне және бұқаралық ақпарат құралдары еркіндігіне көмектесу орталығы жұмысының бөлігі болып табылады.