Жастарды террористік радикалдандыруға қарсы әрекет етуге тарту – Қазақстандағы ЕҚЫҰ семинарының тақырыбы
АСТАНА, 30 сәуір 2014 жыл – бүгін Астанада терроризмге апаратын күштеу экстремизмі мен радикалдандыруға қарсы әрекет етуге жастарды тарту тақырыбына, ЕҚЫҰ қолдаған семинар (ТАКЭР) аяқталды.
Екі күндік іс-шараға Даниядан, Қырғызстаннан, Ресейден, Швейцариядан, Тәжікстаннан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан келген сарапшыларды қоса алғанда, шамамен 60 қатысушы, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғамының өкілдері қатысты.
Қатысушылар ТАКЭР қарсы әрекет етуге жастарды білім беру, өнер, спорт және БАҚ арқылы тарту бойынша ұлттық және халықаралық көзқарастармен алмасты. Сондай-ақ күн тәртібінде құқық қорғау органдарының арасында күштеу экстремизміне қарсы әрекет етуде ынтымақтастық пен үйлестіру де болды.
Семинар шеңберінде Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет студенттік форум ұйымдастырды, онда студенттер қысқа сахналық қойылым көрсетті, сонымен қатар жастар арасында ТАКЭР қарсы әрекет ету бойынша халықаралық, сондай-ақ ұлттық келешекпен танысуға мүмкіндіктері болды. Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы 200 студенттен тұратын топқа жастарды террорристік әрекеттерге тарту туралы тұсаукесерін көрсеткен сарапшының қатысуын қолдады.
Іс-шара уақытында ұсынылған тұсаукесерлерді негізге ала отырып, Бас прокуратура институты ТАКЭР ерекше құбылысына қарсы әрекет етудің аса тиімді саясаты үшін Қазақстан қабылдай алатын одан арғы қадамдары жөнінде ұсынымдар тізімін дайындайды.
Бас прокуратура институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова: «Бүгінгі таңда біз осы аса маңызды тақырыптағы жастар рөліне назар аударамыз. Біз жастарға көмектесіп қана қоймай, өз құрдастарының арасында кездесуі мүмкін экстремизм белгілеріне қарсы әрекет ету үдерісіне тартуға үміттенеміз» - деп атап өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Колин Маккалла: «Күштеу экстремизмі және радикалдандыру жеке адамдар қауіпсіздігіне қатер төндіреді және ауықымды зорлықққа жол ашады. Сондықтан жас және білімді жастарды, күштеу экстремизмі мен терроризм оларға кездесетін әділетсіздік пен шиеленістердің шешімі болып табылмайтынын түсінетіндей, осы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ететін ақпараттық-түсіндіру кампанияларына тарту аса маңызды» деді.
Бұл іс-шара 2012 жылдан бастап 2014 жыл кезеңінде ЕҚЫҰ адам құқықтары мен заң басымдылығын сақтауға бағытталған көп векторлы тәсілге сай ТАКЭР қарсы әрекет ету тақырыбына, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің алдыңғы қатарды тәжірибесін негізге ала отырып ұйымдастырған Ұлттық семинарлар сериясының бөлігі болып табылады.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптер департаменті, Бас прокуратура институты және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы Норвегияның қолдауымен ұйымдастырды.