ЕҚЫҰ орталығы прокурорларды Қазақстандағы есірткенің заңсыз айналымымен күресуді үйретуге көмектеседі
АСТАНА, 21 сәуір 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен есірткімен және есірткінің заңсыз айналымымен күреске бағытталған заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі төрт күндік семинар-тренинг басталды.
Іс-шараны Астанада ЕҚЫҰ орталығы АҚШ елшілігімен және Бас прокуратура институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Тренинг наркотрафикпен күресте және есірткімен байланысты қылмыстарда айыпталушы адамдарды қылмыстық қудалауда құқық қорғау органдарының әлеуетін көтеруге бағыттылған. Іс-шараға бүкіл елден шамамен 40 прокурор, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Кедендік бақылау комитетінің және Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысады.
Грузия мен АҚШ ұлттық және халықаралық сарапшылары есірткінің айналымымен күресте және тиісті істерді қылмыстық қуғындауда өзекті поблемаларға қатысты өз елдірінің тәжірибесімен бөліседі. Семинар Қазақстанның құқық қорғау органдарына есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қазіргі тактика мен стратегияларға тиімді қарсы тұруды жақсы түсінуге көмектеседі.
Іс-шараның тақырыптары: кәмелетке толмағандар арасында есірткіні қолданудың алдын алу туралы заңдардың сақталуын прокурорлық қадағалау, есірткіге қарсы органдардың (соның ішінде денсаулық сақтау мекемелері, кәсіпорындар және басқа ұйымдар) заңдарының және нормативтік құқықтық актілерінің атқарылуын прокурорлық қадағалау, шұғыл-іздестіру іс-шаралары уақытында құқық қорғау органдарының әрекеттерін прокурорлық қадағалау, тергеу изоляторларында және түзейтін мекемелерде есірткіні пайдалануға қарсы бағытталған заңдардың сақталуын прокурорлық қадағалау, сондай-ақ нашақорлар жасаған қылмыстардың механизмдері болып табылады.
«ЕҚЫҰ қауіпсіздікке кешенді тәсіл жылжытуда. Есірткінің заңсыз айналымымен күрес қауіпсіздіктің бүкіл үш өлшеміне – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық, сондай-ақ құқық басымдылығына және демократиялық институттарға тікелей қатысты адами өлшемге әсер ететіндіктен, есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және күрес барлық құқық қорғау органдарының арасындағы ұлттық сияқты, сондай-ақ өңірлік деңгейлерде тығыз ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу арқылы тегіс қамти алатын тәсілді қабылдауы тиіс», - деді Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудная.
Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко есірткінің заңсыз айналымымен күресте халықаралық ынтымақтастықтың қажеттігін атап өтті және бүгінгі іс-шараны Қазақстанға есірткінің айналымымен күресуге көмектесу үшін құқық қорғау қызметі саласындағы мамандар үшін қажетті тренингтің өте жақсы мысалы деп атады.
Семинар-тренинг ЕҚЫҰ орталығының трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен, атап айтқанда есірткінің заңсыз айналымымен күреске күш салуының бөлігі болып табылады.