ЕҚЫҰ экологиялық мәселелерді жарықтандыру жөніндегі журналистерге арналған оқыту семинарды қолдады
ӨСКЕМЕН, Қазақстан, 18 сәуір 2014 ж. – Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен жасыл экономика мәселелеріне ерекше мән берілуімен экологиялық мәселелерді жарықтандыру жөнінде журналистерге арналған оқыту семинары басталды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен азаматтық қоғамға арналған екі күндік шараның ұйымдастырылуына чехиялық «Bezk» үкіметтік емес ұйымы мен Өскемендегі Орхусс Орталығымен бірге ынтымақтаса отырып, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы жәрдемдесті. Семинардың мақсаты – журналистердің экология мәселелерінің мән-жайын және олардың бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жарықтандырылу проблемаларын түсінуін арттыру.
«Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдарын анықтау және адамдардың әл-ауқаты мен экономикалық даму арасындағы мүдделерді теңгеру мақсатында қоғамдық пікір-таласта катализатордың рөлін атқаруға бағытталған», - деді Елші, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы Наталья Зарудная.
«Жасыл» экономикаға көшу болашақ ұрпаққа елеулі экологиялық қатер келтірмей және экологиялық тапшылыққа әкелмей, халықтың әл-ауқаты мен жоғары өмір сапасын қамтамасыз ететін болады. Мен біздің осы саладағы ынтымақтастығымыз жемісті болады деген үміттемін», - деді Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті басшысы Дмитрий Кавригин.
ЕҚЫҰ Орталығы 16 сәуір күні елдің оңтүстік аймағындағы журналистер мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған дәл осындай шараны Алматы қаласында ұйымдастырды. Екі шараның барысында 70 жуық журналист пен елдің тоғыз өңірінің белсенділері халықаралық және ұлттық сарапшылардан экология мәселелерінің жарықтандырылуын арттырудың заманауи техникалық мүмкіншіліктері мен экология мәселелерін реттеу барысындағы талқыға ықпалдастық жөнінде үйренді.
Оқыту шараларының екеуі де Орталықтың экология мәселелерін баяндау жөніндегі 2011-2013 жылдардағы жобалардың жалғасы ретінде іске асырылған. Іс-шараларға Қазақстанның азаматтық қоғамдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының 170 астам өкілі қатысты. ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткен шаралардың нәтижесінде журналистер қауымына арналған экология мәселелері өзек болған нұсқаулық жарық көрді. Бүгін де аталған нұсқаулық журналистер, үкіметтік емес ұйымдар мен Орхусс орталықтары арасында қолданылып жүр.
Сондай-ақ, Өскемен қ. сапар барысында елші Зарудная Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермеком Кошербаев мырзамен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, ол Сарсена Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Орталық Азияда қауіп-қатердің және қауіпсіздік сын-қатерлерінің алдын алуда ЕҚЫҰ рөлі туралы дәріс оқыды.