ЕҚЫҰ Қазақстанның прокурорларын киберқылмыскерлікпен күресуді үйретуде
АСТАНА, 17 сәуір 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен киберқылмыскерлікті анықтауға, алдын алуға және ашуға, электронды банктік операциялардағы және компьютерлік-техникалық сараптамадағы алаяқтыққа қарсы әрекет етуге назар аудара отырып, Қазақстандағы киберқылмыскерлікке қарсы әрекет ету жөнінде тренинг-семинар басталды.
Үш күндік іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы мен Бас прокуратура институты бірлесіп ұйымдастырды және прокурорлардың киберқылмыскерлік жөніндегі қылмыстық істер жүргізуге әлеуетін жоғарылатуға бағытталған. Іс-шараға бүкіл Қазақстаннан шамамен 40 прокурор қатысты.
Ұлттық және халықаралық сарапшыларды киберқылмыскерлікті тергеумен және сот құғындауымен, ақша жуумен және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет етумен байланысты ең жақсы практикалар мен әдістер туралы хабардар етеді.
«Киберқылмыскерлікпен күрес мүмкіндіктерін кеңейту және қазіргі қауіпсіздікке төнген қауіпті тиімді шешу үшін тәжірибемен алмасу және озат халықаралық практикалармен танысудың маңызы зор», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер. «ЕҚЫҰ киберқауіпсіздікті күшейтуге бағытталған күш адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын, соның ішінде Интернетті ашық және демократиялық басқаруды қорғаумен сәйкестікте болғанына ерекше назар аударады».
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаментінің басшысы Ұлықбек Пацаев, тренинг-семинар прокурорларға киберкеңістікте заң бұзушылықтарға тиімдірек қарсы әрекет етуге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
Тренинг-семинар ЕҚЫҰ орталығының трансұлттық қауіп-қатерлермен, ақша жуумен, терроризмді қаржыландырумен күрестегі және Интернетті қылмыстық мақсаттарда пайдалануды болдырмау қызметінің бөлігі болып табылады.