ЕҚЫҰ Қазақстандағы саяси партиялардың рөлін күшейту жөніндегі семинарды қолдайды
СЕМЕЙ, Қазақстан, 16 сәуір 2014 ж. - Парламент қызметіндегі саяси партиялардың рөлін күшейту Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткен екі күндік семинардың басты тақырыбы болды. Бүгін Семейде (Шығыс Қазақстан облысы) басталған іс-шараға саяси партиялар мен азаматтық қоғамның шамамен 25 өкілі қатысты.
Cеминардың мақсаты саяси партиялардың өңірлік бөлімшелері өкілдерінің партия жұмысының ұйымдастыру, заң және қаржы аспектілерінің мәселелері, жұртшылықпен байланыс, сондай-ақ парламентте және жергілікті өзін өзі басқару органдарында партиядан өкіл болу мәселелері бойынша кәсіптік сауаттылығын арттыру болып табылады. Семинар саяси партиялар өзінің демократиялық функцияларын табысты орындай алатын көп партиялы жүйені дамыту үшін қолайлы институционалды орта құру саласында ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелерін іске асыруды жылжытуды өз мақсаты етіп қояды.
Саяси плюрализм мен күшті демократия орнатуда саяси партиялардың маңызды рөліне назар аудара отырып, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы, елші Наталья Зарудная «ЕҚЫҰ партияларға Ұйымның, бәрінен бұрын қауіпсіздікті адами өлшеу саласындағы міндеттемелерінің барлық массивін қамтамасыз етудің негізгі тетігі ретінде қарайтынын» атап өтті.
«Сондықтан Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы саяси партияларды ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және халықаралық стандарттарға сәйкес реттеудің аса қолайлы заң шығару жағдайларын жасау жөніндегі диалогты қолдауға және ең жақсы тәжірибемен алмасуды қолдауға ықпал етеді».
Қазақстанда Парламентаризмді дамыту қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова «Саяси партиялардың көбі ұйымдастыру сипатындағы проблемаларды, сондай-ақ жақтаушылармен тығыз байланыстың жоқтығын көрсетті. Тиімді сайлау алдындағы сайлау кампаниясын, сондай-ақ электораларалық кезеңде іс-шараларды лайықты түрде жоспарлай және жүргізе алмау партия құрылысы мәселелеріндегі тәжірибе мен сараптаманың жеткіліксіздігінен болады» деп қосты.
Семинар «Қазақстанда парламентаризмді дамыту» ҚҚ-мен әріптестікте саяси партиялар үшін ЕҚЫҰ орталығының көмегімен ұйымдастырылған 3 семинар сериясында екінші болып табылады. Кейінгі семинар Өскеменде өткізілді және келесі Павлодарда өтеді.
Іс-шара Қазақстанда саяси плюрализмді қолдау жөніндегі ЕҚЫҰ ұзақ мерзімді қызметінің бөлігі болып табылады.
Сондай-ақ, Семей қ. сапар барысында елші Зарудная қоршаған орта, тиісті басқару, экономика және заң басымдылығы мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында әкімнің орынбасары (мэр) Зәуреш Исабаевамен кездесті. Сонымен қатар, ол Семей мемлекеттік университетінде Орталық Азияда қауіп-қатердің және қауіпсіздік сын-қатерлерінің алдын алуда ЕҚЫҰ рөлі туралы дәріс оқыды.