ЕҚЫҰ Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинарлар сериясын бастайды
АСТАНА, 27 наурыз 2014 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен бірлесіп полиция инспекторлары мен офицерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы үдерістер мен сын қатерлер жөнінде ұйымдастырған екі күндік оқытатын семинар басталды.
Бұл оқытатын іс-шара әйелдерді МИВ зорлығынан қорғау жөніндегі бөлімше инспекторларының мүмкіндіктерін арттыруға, сондай-ақ полиция офицерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықты тексеруге және қарсы әрекет етуге білімі мен дағдыларын жақсартуға бағытталған.
Осы жылы еліміздің барлық өңірлерінде ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілу жоспарланған бес оқытатын семинардың бірі. Кеійнгі іс-шаралар Атырауда, Көкшетауда, Шымкент пен Өскеменде өтеді.
Семинарлар уақытында бүкіл Қазақстаннан шамамен 200 аудандық полицей басқа құқық қорғау органдарынан және жергілікті соттардан өздерінің әріптестерімен осы әлеуметтік кінаратқа қарсы әрекет етуге және алдын алуға жан жақты тәсілді талқылайды.
Соттар мен прокурорлардың көмегімен қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі әкімшілік істерді және сотта дәлелдеудің келелі аспектілерін қарау практикасы туралы біледі. Үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларымен бірге полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету мәселесі бойынша заңнамаға жуырда қабылданған түзетулерді қолдану жөніндегі аса тиімді іс-шараларды анықтайды.
«2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңды қабыдау осы проблема туралы хабардарлықты көтеру мәселесінде негізгі нүкте болды», - деді Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Наталья Зарудная. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі қолданыстағы ұлттық заңнамаға енгізілген кейінгі өзгерістер мен толықтырулар отбысылық қарым-қатынас саласындағы теріс қылықтар үшін жазаны күшейтті және олардың тиімді алдын алу үшін негіз қалады».
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Басшысы Игорь Лепеха: «Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бастап біздің полиция біртіндеп өзгеруде, бұл халыққа сапалы қызметтер көрсетуге біздің ынтамыз бен мүмкіндіктерімізді көрсетеді. Біз құқық қорғау іс-шараларын адам саудасының құрбандарын қорғауға бағытталған белгілі қоғамдық қызметтер кешені ретінде қараймыз» - деді.
Бұл іс-шара Орталықтың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған қарсы әрекет етуге бағытталған ұзақ мерзімді жобаларының бөлігі болып табылады.