Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселесіне арналған конференция өтті
АСТАНА, 19 наурыз 2014 ж. – Бүгін Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбына арналған конференция өз жұмысын бастады.
Қазақстанның Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күресу агенттігімен, сондай-ақ Қаржы полициясы академиясымен тығыз қарым-қатынас орнатылуымен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы ұйымдастырған іс-шараға елдегі мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдары мен арнаулы академиялық және оқыту мекемелердің 200 астам өкілі қатысты.
Конференция қатысушылары сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жолындағы халықаралық озық тәжірибе алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту саласындағы швециялық тәжірибе жөнінде білді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресудің ұлттық жүйесін жетілдіру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттық құрылымдар мен стратегиялық жоспарлаудың қолданылуын қарастырды.
«ЕҚЫҰ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне көз жұмбай, қалың жұртшылықтың назарын аударту мәселесіне ерекше көңіл бөледі», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы Наталия Зарудная. «Біз мұндай іс-қимылдарды ағарту және білім беру бағдарламаларының көмегімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу, саяси және заң құралдарын жетілдіру саласындағы озық тәжірибемен алмасу арқылы жүзеге асырудамыз». Бұл тұрғыда Наталия Зарудная азаматтық қоғамның әлеуетін толыққанды пайдаланып, осы саладағы барлық қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастық орнатудың маңызды екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күресу агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары, генерал-майор Андрей Лукин: «Сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке төніп отырған жүйеленген қауіп. Мұндай қауіп экономикалық және әлеуметтік реформалардың жүргізілуіне кедергі келтіріп, елдің халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі тиімді стратегия мемлекеттік мекемелермен, ҮЕҰ, БАҚ және қалың бұқарамен бірлесіп қолға алынатын жүйелі әкімшілік, заңнамалық және ақпараттық шаралар кешеніне негізделуі тиіс».
Ұйымдастырылып отырған конференция ЕҚЫҰ Орталығының экономикалық қауіпсіздікті қолдау және ұйымдастырылған қылмысты азайту жолында жүзеге асырып отырған іс-әрекеттерінің бір бөлшегі болып табылады.