Қазақстанның Арал теңізіндегі тиімді балық кәсіпшілігі – ЕҚЫҰ өткізген шараға арқау болған негізгі тақырып
2013 жылдың 4 және 6 желтоқсаны аралығында Оңтүстік Қазақстан өңірінің Қызылорда қаласында су ресурстарын тиімді басқару және «жасыл өсім» тәсімінің аясында Арал теңізі бассейніндегі биоалуандылықты сақтап қалу мәселесі қозғалған конференция өткізілді.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Қазақстандағы Атқарушылық дирекциясымен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігімен, сондай-ақ жергілікті әкімшілікпен ынтымақтаса отырып ұйымдастырған іс-шараға жергілікті муниципалитеттердің, су бассейндері кеңестерінің, ғылыми ортамен үкіметтік емес ұйымдардың 70 жуық өкілдері қатысты.
Конференция жұмысының барысында Арал теңізін ірілі-кішілі бөліктерге бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысынан кейін Кіші Арал теңізіндегі су деңгейінің таяуда көтерілуіне қатысты проблемалар мен мүмкіншіліктерге ерекше көңіл бөлінді.
Аталмыш шара Орталықтың су ресурстарын тиімді басқару жүйелерін енгізу және Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі әлжуаз экожүйелерді қорғау жолында атқарып келе жатқан ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлшегі болып табылады.