Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік-транзиттік дәлізінің құрылысы ашық болуына ықпалдасуда
2013 жылдың 13 қарашасында Астана қаласында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік-транзиттік дәлізінің құрылысының ашық болуы және орнықты дамуы жөніндегі ұлттық есеп таныстырылып, талқыланған дөңгелек үстел өткізілді.
Отырыс Көлік және байланыс министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Ашық болу және орнықты даму жөніндегі ұлттық сараптау кеңесінің (NECTSD) 20 жуық мүшесі, сондай-ақ үкімет мүшелері, жекеменшік компаниялар мен халықаралық банктердің өкілдері қатысты.
Меморандумда көрсетілген салалардағы әлеуметтік-экономикалық, еңбек, экологиялық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, есебін жүргізуге және қарастыруға бағытталған Сараптау кеңесі Үкімет, жекеменшік құрылыс компаниялары мен ҮЕҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес құрылған. Қатысушылар NECTSD мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің үлгілі мысалы деп танып, алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстарды талқылады.
ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен 2012 және 2013 жылдары жүзеге асырылған екі пилотты жобаның нәтижелері көрсетілген есеп қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көретін болады. Құрылыстың құқықтық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тұстары қарастырылған есеп Қазақстанның төрт облысының (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе) 63 елді мекенінде жүргізілген саралаулар мен мониторинг қорытындыларының негізінде дайындалды. Жобалар ашықтық пен есептілікті, сондай-ақ құрылысы салынып жатқан жолдың бағытынан шалғайда тұратын халықтың мұқтаждықтары мен ұсыныстарын есепке ала отырып, шешім қабылданғанда жұртшылықтың да мүддесінің ескерілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Есепте қамтылған ұсыныстар Үкімет, жергілікті әкімдіктер мен құрылыс компанияларының қарауына жолданды.