ЕҚЫҰ орталығы Қазақстандағы журналистік білім берудің сапасын арттыруға жәрдемдесуде
АЛМАТЫ, Казақстан, 31қазан 2013 жыл – Журналистік білім берудің сапасын арттыру бүгін басталған екікүндік дөңгелек үстел отырысының басты тақырыбы болды. Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Мінбер» Қоғамдық қоры және Алматыдағы ЮНЕСКОның кластерлік бюросы бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына 40 жуық журналистер, ЖОО оқытушылары және азаматтық қоғам сарапшылары қатысты. Олар елдегі журналистік білім берудің ахуалын талқылап, оны жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды қабылдады.
Кездесуге қатысқандар бұл тұрғыда жаңа бұқарат ақпарат құралдарын қолдануға ерекше назар аударды.Іс-шараның ұйымдастырушылары ЮНЕСКО дайындаған журналистік білім беру моделінің жекелеген тарауларын ұсынды. Бұл журналистік білім берудегі халықаралық модель шеңберінде пайдалануға болатын қазақ тіліндегі ресурстардың тапшылығы туралы пікірталасты туғызды.
Талқылаудан кейін жаңа бұқарат ақпарат қолдану бойынша жоғарғы оқу орындарының журналистика факультеттері оқытушыларына арналған тренинг жүргізілді.
«Демократияның нығаюы мен ой білдіру бостандығы қағидаларының қамтамасыз етілуі мақсатында БАҚ-қа қолдау көрсету ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемі саласындағы қызметінде басты басымдықтардың бірі болып табылады.Журналистік білім берудің сапасын арттыру бұл мақсатқа жетуде маңызды қадам болып табылады», - деп айтты Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная. Ол: «Мұндай бастамалар қазақ тілді журналистика факультеттерінің алдында тұрған қиыншылықтарды айқындап, олардың шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы серіктестерімен бірге осындай күш-жігерге қолдау көрсетуді одан әрі жалғастырмақ» - деді.
Өмірхан Әбдіманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі журналистика факультетінің деканы өз сөзінде: «Журналистика факультеттері ауыспалы сыртқы ортадан қалмаудағы, сонымен қатар жаңа ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін пайдаланудағы бірқатар қиыншылықтарды бастан кешуде. Осы семинар сияқты іс-шаралар, әрине, журналистердің кәсіби деңгейін жоғарылату мен ілгері қадам басулары үшін қажет».
Іс-шара ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанда журналистердің кәсіби деңгейін арттыру, БАҚ еркіндігі қағидаларын дамыту және қоғамның ақпаратқа толықтай қол жеткізу мақсатындағы кү-жігерінің ажырамас бөлігі болып табылады