ЕҚЫҰ Орталық Азияда жарылу қаупі бар құралдардың азайтылуына қарсы іс-қимылдар бойынша ынтымақтастыққа жағдай жасауда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 19 қараша 2013 ж. – Бүгін Алматы қаласында ЕҚЫҰ «Жарылу қаупі бар құралдарды азайту сапасы мен ақпаратты басқару және қарсы іс-қимылдар» тақырыбындағы өңірлік конференциясы басталды.
Үш күндік іс-шараға 15 астам елден 50 жуық техникалық сарапшы, әскери офицерлер және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысатын болады. Қабылдаушы тарап –Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі. Конференция ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының, ЕҚЫҰ Тәжікстандағы бюросының және Адам қауіпсіздігінің нығайтылуының халықаралық сенім қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Қатысушылар жарылу қаупі бар құралдарға қатысты әлеуетті проблемаларды, сондай-ақ ақпарат алмасу және олардың техникалық ынтымақтастық жолымен шешілу жолдарын талқылайтын болады. Мұнымен қоса, олар Алматы қ. Құрлық әскері институты ұйымдастырған сапарға қатысады.
«Жарылыс шығу қаупі бар құралдардан төнетін әлеуетті қауіптің азайтылуы қауіпті материалдарды қауіпсіз басқару, сақтау және кәдеге жарату үшін, тәуекелдерді бағалау үшін сенімді механизмдерді, озық технологияларды және сапаның бақылануын қажет етеді. Ақпарат алмасу және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тәуекелді азайтып, адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін арттыру үшін қажет», деді Астанадағы Орталық Басшысының Орынбасары Жаннет Клетцер.
«Біз жарылу қаупі бар құралдар бойынша, атап айтқанда кәдімгі әскери оқ-дәрілерді сақтау және кәдеге жарату мәселелерді шешу үшін мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасында тәжірибенің алмасуына мүдделіміз», деді Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақтың азайтылуын бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығының бастығы, полковник Амангелді Әубәкіров. «Мұндай қауіп-қатерлерді идентификациялау саласындағы ынтымақтастық Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады».
ЕҚЫҰ Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан арасында жарылу қаупі бар құралдар бойынша техникалық деңгейдегі ынтымақтастық механизмдеріне 2009 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді.