ЕҚЫҰ қолдауымен Алматы қаласында Еуразиялық аймақтағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
АЛМАТЫ, 3 қазан 2013 жыл – Бүгін Алматы қ. өткен конференцияда бас қосқан мемлекеттік органдардың, академиялық ортаның, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар дипломатиялық корпустың 70 астам өкілдері Еуропа Атлант және Еуразиялық қоғамдастықтың қауіпсіздік концепциясын іске асыруда ЕҚЫҰ орны мен мүмкіндіктерін талқылады.
Конференцияны ұйымдастырғандар – Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы және ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты. Шара Украина мен Швейцария елшіліктерінің қолдауымен өткізілді.
Конференцияның жұмысына Орталық Азия аймағының, Шығыс және Батыс Еуропа елдерінің жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлері, танымал ғылыми-зерттеу және академиялық институттарының өкілдері, сондай-ақ 12 елден келген халықаралық сарапшылар мен ЕҚЫҰ басшылығының өкілдері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар ынтымақтастықтың жаңа қырларын, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы ортақ мүдделерге қол жеткізу үшін өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттырудың жолдарын саралау және зерттеу арқылы қауіпсіздік саласындағы, соның ішінде Ауғанстандағы көптеген проблемалардың шешілу жолдарын талқыға салды.
«Мызғымас Еуропа Атлант және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын орнату аясында қоғамдастықтың форматын нақтырақ айқындау мақсатында сарапшылар, ЕҚЫҰ бұрынғы және қазіргі төрағалары жүргізіп отырған талқылар мен пікірталастар Астана декларациясын орындау үшін маңызды екені хақ», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саясатты саралау және жоспарлау комитететінің Төрағасы Сержан Әбдікәрімов.
Стратегиялық зерттеулер институтының Директоры Болат Сұлтанов былай деді: «Орталық Азиядағы қауіпсіздікке төнетін қауіп сыртта емес, аймақтың өзінде туындайтын проблемаларға байланысты десе болады. Сондықтан да Орталық Азиядағы әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерге тереңірек үңілу қажет. Мұндай мақсатқа қол жеткізілу Орталық Азиядағы жағдайды мониторингтеу мақсатында ЕҚФҰ жанынан Сараптау және болжау орталығының құрылуына ықпалдасқан болар еді».
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная Хельсинки+40 процессінің контекстінде ЕҚЫҰ орнын арттыру мақсатында бұдан да жемісті әрі әр қырлы пікір және тәжірибе алмасу үшін ЕҚЫҰ шеңберінде академиялық институттар мен орталықтар желісін құруда осы конференцияның өз үлесін қосатынына үміттенетінін айтып өтті.
Хельсинки+40 процессі 2015 жылы ЕҚЫҰ Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылуының 40 жылдық мерейтойы болатынын назарға ала отырып, қоғамдастықтағы қауіпсіздік мәселелерін ілгері алға тартуды саяси ынталандыру мақсатында бастамаға алынды.
Іс басындағы және болашақтағы Төрағаларға Хельсинки+40 процессінің ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында Конференция шеңберінде академиялық тұрғыдан бірқатар ұсынымдар жасалды. Конференция жинағы жарияланып, ЕҚЫҰ институттары мен қатысушы-мемлекеттері арасында кеңінен таралатын болады.
ЕҚЫҰ хатшылығының мүддесін ЕҚЫҰ ұлтаралық қауіп жөніндегі департаментінің лаңкестікке қарсы бөлімінің басшысы Томас Вухте ұсынды.