ЕҚЫҰ орталығы Вена құжатының шеңберінде авиабазаларға келуді қолдауда
АСТАНА, 16 қыркүйек 2013 жыл – бүгін ЕҚЫҰ 29 қатысушы-мемлекетінен келген 70 жуық әскери офицер ЕҚЫҰ Орталығы мен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған әскери брифингке қатысты.
Брифинг – 2011 жылы қабылданған Вена құжатының шеңберінде өткізілген төрт күндік сапардың бастамасы. Вена құжаты ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттері әскери базаларының әскери өкілдерімен ақпарат алмасуын, жүйелі түрде кездесулерін меңзейді. ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің әскери офицерлері Қарағанды қаласындағы әскери-әуе базасына және Астана қаласындағы десанттық-штурмдық бригада базасына ат басын тірейтін болады.
Қазақстандағы әскери нысандарға жасалатын сапар ақпарат алмасу деңгейін арттыруға, соның ішінде өзара сенім мен әскери транспаренттілікті нығайту мақсатында ұшақтардың ұшу саны мен орындайтын тапсырмаларының мән-жайын талқылауға арналған.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталия Зарудная ханым өз сөзінде: «Авиабазаларға сапар Вена құжатының шеңберінде әр бес жылда жүзеге асырылады. Бұл дерек осы аптадағы шараның маңызын артырады. ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің өздерінің әскери саладағы мүмкіншіліктері мен ресурстарын транспаренттік таныстыруы сенім деңгейін арттыруға, ел аймағында және одан тыс аймақтарда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған»- деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев: «ЕҚЫҰ аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында өзін қатысушы-мемлекеттердің белсенді диалогты форум ретінде танытып үлгерді. ЕҚЫҰ механизмдері тегіс қамтыған, бірлескен, тең құқылы және мызғымас қауіпсіздік концепциясына негізделген Еуропа Атлант және Еуразиялық қоғамдастықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді». Бағдат Майкеев 2010 жылы қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығына апарар жолда» мерейтойлық Астана декларациясында ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің барлығы осы принциптерді ұстанатындарын тағы бір мәрте растағанын айтып, қосты.
Вена құжатының аясында авиабазаларға ұйымдастырылған сапарға алғаш рет ЕҚЫҰ жаңа қатысушы-мемлекеті Монғолия офицерлері қатысатын болады. Қарағанды мен Астана қалаларындағы әскери базаға Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, үкіметаралық ұйым өкілдері де шақырылды.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Вена құжатының аясындағы аталмыш шараны Қазақстанда 2007 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Осы жылғы сапар – Орталықтың ЕҚЫҰ сенім және қауіпсіздік, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздік шараларын нығайтудағы ұзақ уақытты іс-қимылдарының бір бөлшегі.