Прокурорлардың сот ici барысында рөлі және әділ сот қағидаттары қолдау – ЕҚЫҰ Қазақстанда өткізілген тренингінің басты тақырыптары
Алматы, Қазақстан, 25 қыркүйек 2013 – Қазақстанның бүкіл аймақтарынан келген прокуратура органдарының шамамен 30 қызметкері бүгін Бас Прокуратура Институтының ұйымдастырылуымен және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткізіліп отырған, сот мемлекеттік айып тағылу мәселесіне арналған үш күндік оқыту семинарына қатысуда.
Семинар барысында қылмыстық сот саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшылар прокурорлардың сот пен сот дейінгі процестердегі рөлі, сондай-ақ әділ сот ісі, теңдік саласындағы халықаралық стандарттар саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Семинар қатысушылары қылмыстық сот өндірісіндегі мемлекеттік айыптауға қолдау көрсетумен байланысты проблемаларды, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылайтын болады. Мұнымен қоса, қатысушылар Ресей сарапшылары прокурорлар арасында шешендік өнер дағдысын жақсарту мақсатында өткізетін сот отырыстарының сахналық қойылымына қатыса алатын болады.
«Біз мұндай шаралардың көмегімен прокурорлардың бойында мемлекеттік айыптау үшін қажетті дағдыларды дамытуға, сонымен қатар оларды сот процессі барысында ескеру керек болатын адам құқықтары жөнінде хабардар етуге тырысамыз», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная.
Бас Прокуратура институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова: «Сот процессі қатысушыларының құқықтарын қорғау сот жүйесі жұмысының тиімділігі мен дербестігін көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Прокурорлардың кәсіби дайындықтарының сапасы осы ұстанымдардың негізге алынуында маңызды үлес қосады». Мұнымен қоса, Салтанат Тұрсынбекова ханым соңғысының Қазақстанның қылмыстық процессуалдық кодексі реформаланып жатқан тұста бұдан бетер жоғары мәнге ие болып отыр деп қосты.
Аталмыш семинар Орталықтың Қазақстанның құқық қорғау органдарымен арадағы қылмыстық әділ сот реформасына қолдау көрсетуге бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастығының жалғасы деп атап кеткен жөн.