ЕҚЫҰ орталығы адам құқықтары жөніндегі 2012 жылғы есептердің Қазақстанда жариялануына қолдау көрсетпек
АСТАНА, 19 қыркүйек 2013 жыл – ЕҚЫҰ Орталығы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде көпшілік назарына ұсынылған жыл сайын жасалатын адам құқықтарының Қазақстандағы ахуалы туралы 2012 жылғы есептің және елдегі көшіп-қонушылардың құқықтары жөніндегі арнайы есептің жарық көруіне қолдау көрсетті.
Іс-шараға 100 астам парламент депутаттары, үкімет, азаматтық қоғам, БАҚ, халықаралық ұйым өкілдері мен Астанада тіркелген дипломатиялық миссия басшылары қатысты.
Есептерді азаматтық қоғамның белсенді түрде жұмылдырылуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия дайындады. Дайындалған есептерде құқықтарды қорғау, соның ішінде көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибе мен заңнаманың салыстырмалы анализі қамтылып отыр. Бұған қоса, есептерде үкіметтік институттардың осы салада атқарған жұмыстары бағаланып, адам құқықтары мәселесінің Қазақстандағы ахуалын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
ЕҚЫҰ орталығы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған есептердің басылымда жарық көріп, тәржімалануына қолдау көрсетті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудная Америка президенті Джон Ф.Кеннединің сөзін дәйектей келе: «Бір адамның құқығына келтірілген қыспақ, қалған адамдардың да құқықтарын кемітеді. Адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету қоғам мен тұтас мемлекетті қорғау үшін қажет», - деді. «Негізгі құқықтар мен бостандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Бұл ЕҚЫҰ 1975 жылғы Хельсинки актінен бастап, барлық басты құжаттардың негізге алынушы ұстанымы»
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Марат Мұхамбетқазыұлы Тажин: «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, адам құқықтары жоғары қойылды. Мен осы есептер халықты құқықтық сауатқа оқыту тұрғысынан да, ұлттық құқық қорғау механизмдерінің жұмысын жақсарту мақсатында да пайдалы болады деп үміттенемін».
Шара ЕҚЫҰ орталығының Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға қолдау көрсетудегі, соның ішінде Комиссияның қызметін Қазақстан аймақтарында кеңейтудегі және халықтың адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстар жайлы хабардар болуын арттырудағы ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлшегі болып табылады.